РГП на ПХВ "Республиканский центр крови"
Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Біздің тарихымыз

Қан құю институтын құрудың идеологы және алғашқы директоры болған Александр Богданов. Дәрігерлік білімін алған, А.Богданов революционер, философ және әдебиетші ретінде кең танымал болды. 1908 жылы өзінің «Красная звезда» романында ол  саяси социализмді қанмен өзара алмасу арқылы толықтыру мүмкінідігі бар, және сол арқылы адамзаттан тек ортақ идеямен ғана емес, ортақ қанмен де біріккен бауырластық құруға болатыны жөнінде пікір айтты.

Институтта еңбек етіп жүрген кезде А.А.Богданов сырқат адамдар мен дені сау адамдар арасында екеуара қан алмастырып құюдың (500-1000 мл) әсерін зерттеді. Қан алмастырып құюды көптеген аурулардан ем ретінде ғана емес, жасару ретінде де, тіпті жиналған ақпаратпен алмасу тәсілі ретінде де қызу насихаттады. 1926 жылдан 1940  жылға дейін КСРО-да  осы институттың 50-ден астам бөлімшесі құрылды, бірегей мемлекеттік ұйым ретінде қан қызметінің құрылымы қалыптасты, оның жұмысының  қағидаттары әзірленді, олардың көбі осы күнге дейін сақталып келеді.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы миллион азаматының өмірін жалмаған аштықты басынан өткізген Қазақстан, ауыр экономикалық жағдайға қарамастан  республикада қан қызметін  құрды. Қазақ КСР Денсаулық халық комиссарының  1934 жылғы 3 тамыздағы № 2 бұйрығымен ОҚҚИ (Орталық қан құю институтының)  Қазақ филиалы құрылды. Оның алғашқы басшысы болып Александр Николаевич Сызганов тағайындалды. Ол Қазақстанда алғаш рет қан құюмен айналысты.

Сызганов А.Н..jpg

1937 жылы 9 қаңтарды ОҚҚИ филиалы  Қазақ КСР Денсаулық халық комиссариатының Қазақ қан құю институты болып  атанды. Оның құрамында донорлық, хирургиялық, биохимиялық, сарысулық және эксперименталды бөлімшелер болды.

1938 жылы А.Н.Сызганов дәрігерлік кадрларға қол жеткізіп, филиалды орналастыру үшін арнайы ғимаратты сала бастады.

 1938 жылдан 1945 жылға  дейін Қазақ қан құю институтының директоры  Михайлюк Владимир Александрович болды. Бұл кезеңде  Совет Одағының  Денсаулық халық комиссариатынан  екі электртоңазытқыш алынды.  Ғылыми-зерттеу жұмыс басталып, 1940 жылы  19 ғылыми еңбектен тұратын алғашқы жинақ басылып шықты.

Қан даярлау және құю жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң ұстану гемотрансфузияны неғұрлым қауіпсіз етті. Осындай емшара емдеудің әмбебап әдісі іспеттес болды. Қан құюды  тек қан жоғалту мен қаназдықты емдеу үшін ғана емес,  сонымен бірге әлдендіру, қоректендіру, инфекциямен күрес және әр түрлі аурулармен күресу үшін де қолданды. Бұл үрдіс  80-ші жылдарға дейін жалғасты, алайда АИТВ эпидемиясы қан құюға көзқарасты мүлдем өзгертіп жіберді.

1941 жылы ақпан айында ҚазКСР  Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ қан құю институты Қазақ республикалық қан құю станциясы (ҚРҚҚС) болып қайта құрылды.

Іс жүзінде жұмыс қан құюды емдік әдіс ретінде кеңге насихаттауға,  кадрларды даярлауға, облыстық станцияларды және өзге де қан қызметінің мекемелерін ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқаруға бағытталды. 1935 – 1945 жылдарда Қазақстанның 5 қаласында қан құю станция (ҚҚС) және ірі аудандық орталықтарда 25 қан құю пункті ашылды.

Ұлы Отан соғысы қан әдісіне ғана емес, жалпы қан қызметін ұйымдастыруға да үлкен әсерін тигізді. Ұлы Отан соғысының басында дала госпитальдар  қан құю станциялары мен институттары  тылда дайындалған консервіленген қанмен  орталықтан қамтамасыз етеді деп жоспарланды. Алайда  1941 жылдың қыркүйегіне қарай консервіленген қанды бір орталықтан жеткізу медициналық эвакуацияның кезеңдерінің  мұқтаждықтарын толықтай қамтуға мүмкіндігі жоқ. Алыс жерден тасымалдау қиындықтары ұзақ мерзім сақталатын қанды ғана тасымалдауға,  ыдысы сынып қалу себебімен  қанның төгілуіне әкеп соқтырды.  Сондықтан әскери және майдандық қан құю  станциялары ірі госпитальдардан базасында ұйымдастырылды. Олар  жауынгерлік операцияның алдында200-300 литрге дейін қан дайындай алатын болды.

Соғыс жылдары Қазақ РҚҚС  3622 литр қан дайындалды, ол сол жылдары Қазақстанда дайындалған барлық қан көлемінің 50% құрады, 200 литр қалыпты гемагглютиндейтін сарысу дайындалды. Дайындалған қанның  негізгі бөлігі сол жерде эвакогоспитальдарда пайдаланылды. Орталық қан құю институттың тапсырмасы бойынша РҚҚС 43 литр плазма дайындалып Мәскеуге жөнелтілді. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қан құю мәселелері бойынша 892 дәрігер, 972  орта медициналық қызметкер дайындалды, 32296 рет қан құйылды. Ұлы Отан соғысының аяғына қарай  мамандандырылған медициналық көмектің барлық кезеңдерде қан компоненттер қолданыла бастады.   1945 жылы медсанбаттарда қан құю жиілігі келіп түскен жаралылар санының 10-12%, әскердің госпитальдық базаларында - 7-9%, ал майдандағы госпитальдық базаларда - 13-14% құрады. Жалпы соғыс жылдары әскери емдеу мекемелерінде 7 млн-ға жуық гемотрансфузия жасалды.                      

1945 жылдан 1963 жылға дейін РҚҚС Пестерова Марина Фёдоровна  басқарды. Емдеу мекемелерінде трансфузия жөніндегі мамандарының болмауынан стационарларда қан кұю РҚҚС персоналымен іске асырылды. Сөйтіп, дәрігерлер М.Ф. Пестерова мен Н.И.Подгаецкая 5 жыл ішінде тек балаларға ғана  5524 қан трансфузиясын жасады.

1949 жылы қан қызметі бойынша Қан құю институтының қазақ филиалының  2-ші Республикалық конференция өткізілді. 1958 жылы плазманы лиофильді кептіретін «Юзифруа» француз аппараты алынды. Құрғақ плазманың сақтау мерзімінің ұзақтығы және тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап етпейтіні оны Қазақстанның барлық аймақтары үшін қолжеткізімді етеді.

РҚҚС үшін 1962 жыл ерекше атаулы болды – станция жаңа салынған ғимаратқа көшті, сол жылы  Қазақстанда алғаш рет гематологиялық ауруларды емдеу үшін 25 керуеттік  бөлімше және бүйректің функциясының жіті жеткіліксіздігі бар сырқаттарға көмек көрсету үшін 10 керуеттік «жасанды бүйрек» бөлімшесі ашылды. Осы жылы профессор О.С.Глозман  медицина тәжірибесіне алмастырып қан құю арқылы жаңа туылған нәресетелердің гемолитикалық ауруларын емдеу әдісін енгізді

Асмолов А.И..jpg

1963 жылдан бастап 1987 жылға дейін РҚҚС Асмолов Анатолий Иванович басқарды. Оның басшылығымен республикамыздың қан қызметі мекемесінің жүйесі айтарлықтай ұлғайды. 1967 жылы республикада РҚҚС сыртында 5 қан құю станциясы мен 11 қан құю бөлімшесі болса, 1981 жылдың аяғына олардың саны тиісінше 28 және 125-ке жетті. Қан қызметінің материалдық-техникалық базасын, кадрлық құрамын күшейту және  қан қызметінің даму келешегін реттейтін нормативтік құжаттарын әзірлеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. 1963 жылдан 1981 жылға дейін қан дайындаудың көлемі 4,4 мың литрден  23,5 мың литрге дейін ұлғайды. 1964 жылы донорлық плазмаферез әдісі енгізілді.   

1966 жылы  плазманың ақуызын фракциялау (бөлу) бөлімшесі ұйымдастырылып, алғаш рет қан препараттарын – протеин мен фибриноген – алу әдісі енгізілді.

1971 жылы қан компоненттерінің, препараттарының және қаналмастырушылардың сапасын мемлекеттік бақылау зертханасы ұйымдастырылды. Зертхана ашылған жылы 10 ҚҚС-дан донорлық қан бақылауға алынды. Уақыт өте қан препараттарының өндірісі дамыған сайын қан құю станцияларының саны да көбейіп, 1994 жылы 23-ке дейін жетті. 1963 - 1981 жылдары шығарылатын өнімнің ассортименті 4 түрінен 15 түріне дейін ұлғайып,  сапа бақылаудың нәтижелері бойынша жарамсыз өнімнің пайызы 57-ден 1,2 пайызға дейін төмендеді.

1972 жылдан бастап қан препараттарын өндіру бөлімшесі үшін жаңа ғимараттың жобасы әзірлене бастады, жаңа өндірістік ғимарат 1981 жылы пайдалануға берілді. РҚҚС мамандары С.Бекиров пен П.П.Мачулистың өзінді техникалық шешімі корпустың жобалы қуатын қосымша қаржылық шығынсыз  екі есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Жаңа корпустың пайдалануға берілуі қан препараттарын өндірілуі өндірістік деңгейге шықты. Жаңа қан препараттары – адамның қалыпты иммуноглобулины, стафилококқа қарсы иммуноглобулин, сіреспеге қарсы иммуноглобулин, антирезус иммуноглобулин, мұздатылған криопреципитат, тромбин, изогендік фибриндік үлдір, тромбопластина – өндіріле бастады. Жыл сайын плазманы қайта өңдеудің көлемі ұлғайып отырды, 1982 жылы 22 мың литр плазма өңделсе, 1984 жылы – 30 мың литр, 1989 жылы – 40 мың литр плазма қайта өңделді. Тиісінше  қан препараттарын өндірудің көлемі де ұлғайды – альбумин 88 мың литрге дейін,  стафилококқа қарсы иммуноглобулин - 21 мың доза, криопреципитат – 4,4 мың дозаға дейін.

1987 жылдан 1998 жылдарда РҚҚС Бекиров Саид Бекирович  басқарды.  Оның басқаруымен және тікелей қатысуымен  қаннан жаңадан 9 түрлі препараттар алудың әдістері өндіріске енгізілді, олардың ішінде – стафилококқа қарсы, антирезустік және сіреспге қарсы иммуноглобулин, глюнат, полибиолин, құрғақ криопреципитат және т.б.  Өндірілетін  өнімнің номенклатурасы 22 атауға дейін кеңейді.

1987 жылы екі қайта плазмаферез әдісі енгізілгеннен кейін бір донордан алынатын плазманың көлемі екі есе ұлғайды. Сол жылы РҚҚС  қан қызметіндегі алғашқы ИФА зертханасы ашылып, донорлық қанына  АИТВ вирусына скрининг жасала бастады.

1988 жылы РҚҚС тарихындағы дайындалған қан көлемі ең жоғары көрсеткіші – 30 мың литр қан – белгіленді.

1990 жыл – көк іріңге қарсы плазма шығарыла бастады.

1992 жыл – ауырып сауыққан адамдардың қанынан крымдық геморрагиялы қызбаға қарсы иммуноглобулинның алғашқы сериясы өндірілді.

1994 жылы Республикалық қаұ құю станциясының атауы              Республикалық қан орталығы (РҚО) болып өзгертілді.

1995 жылдан бастап  РҚО базасында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді  қан қызметі мәселелері бойынша оқыту басталды.

1996 жылы донор қанын С гепатит вирусына ИФА әдісімен скрининг енгізілді.

1997 жылы Sylab технологиясы (Австрия) бойынша эритроциттерді сұйық азотта ұзақ уақыт сақтау технологиясы енгізілді.

Баспаков А.С..jpg

1998 жылдан 2006 жылға дейін РҚО Баспақов Абай Самилович басқарды. Оның басқаруымен аппаратты плазмаферез әдісі енгізілді, донордан плазма алу амалын автоматтандыруға, оның сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Альбуминды ультрасүзгіден өткізу әдісінің  енгізілуі бір литр плазмадан  өндірілетін альбуминнің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді, альбуминды өндіру мерзімі қысқарды.

2004 жылдан «Қазақстанның гематология мен трансфузиологиясы» журналы шығарыла бастады.

2005 жылы Республикада  «Қан донорлығы» Заңы және қан қызметінің жұмысын реттейтін алғашқы заңнамалық нормативтік актілер – Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтары қабылданды:

«Донорларды ынталандыру ережелерін бекіту туралы»;

«Донорларды медициналық қарап-зерттеу ережелерін бекіту туралы»;

«Қан қызметі саласында әрекет ететін ұйымдарда қан мен оның компоненттерін,  оларды консервілеуіш заттарды дайындау, қайта өңдеу, сақтау  және босату ережелерін бекіту туралы»;

«Қан, оның компоненттері мен препараттарының, консервілеуіш  құралдардың қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар тізбесін және қанның, оның компоненттері  мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды іске асыру ережелерін бекіту туралы»;

«Денсаулық  сақтау ұйымдарында қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы».

ХХ ғасырдың соңғы екі онжылдығы ЖИТС, С гепатиты және т.б. қан арқылы жұғатын жаңа жүқпалы аурулардың  ашылуымен белгілі.  Әлемдік тәжірибеде пациенттердің осы инфекциялармен жаппай жұқтырып алған оқиғалар мәлім болды. Осындай жағдайлар қан қызметінің алдында тұрған, бір жағынан қан компоненттерін құюдың аса қауіптілігін  түсінумен, екінші жағынан пациенттерге көмек көрсету үшін қан құюдың қажеттілігімен байланысты міндеттерге көзқарастың түбегейлі   өзгеруіне әкеп соқты.

Сонымен қатар, Кеңес Одағының ыдырауы және соған байланысты 90-шы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қиындықтар  отандық қан қызметіне кері әсерін тигізді. Бірнеше жыл бойы қан қызметіне қаржыландыру  қалдық қағидасымен бөлініп отырды, ол өз кезегінде жабдықтар мен жаңа технологияларды сатып алуға кедергі келтірді,  білікті мамандардың кетуіне, донорлар санының азаюының себебі болды.

Тиісті қаржыландырудың болмауы еліміздегі қан орталықтарының материалдық-техникалық базасының ескіріп тозуына әкелді. Мекемелердің көбісінде негізгі арнайы жабдықтың 20 және одан көп жылдар бойына жаңаланбағандығынан,  дайындалатын донорлық қан компоненттерінің сапасы мен қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізді.

Республикамызда қан дайындау кезеңін оны пайдалану орнына жақындатуға бейімделген қан қызметінің ұйымдастыру құрылымы құлдырады. 2006 жылы қан қызметі  бойынша 27 қан орталығы, ауруханаларда орналасқан және  қан дайындауды қамтамасыз етіп отырған 120 қан құю бөлімше (ҚҚБ) мен 68 қан құю кабинеті (ҚҚК) болды.  Сөйте  тұра, барлық дайындалған қанның 90 % қан орталықтарында дайындалды, қалған 10 % - ҚҚБ мен ҚҚК дайындалды. Қан қызметінің құрамында Донорлық қан компоненттерін  тиісті даййындауға арналған құрылымдардың болмауы сапалы да қауіпсіз өнім шығаруға мүмкіндік бермеді. 2006 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың ЖИТС жұқпасына жаппай жұқтыру қайғылы оқиғасы  қан қызметіндегі қордаланып қалған  мәселелердің бетін ашты.

2006 жылдан 2009 жылға дейін РҚО Бекиров  Дилявер Саидович басқарды, оның тікелей қатысуымен  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен  қан қызметін жетілдіру бойынша 2008-2010 жылдарға арналған № 1251 салалық бағдарлама әзірленіп, 2007 жылы 21 желтоқсанда бекітілген.

Бағдарламаның басты шараларының бірі - жоғарытехнологиялық, ресурстарды қажет ететін, атап айтқанда  қан компоненттерін өндіру мен донор қанын зертханада тестілеу процесстерін орталықтандыру негізінде қан қызметінің құрылымын қайта құру болды. Қазақстанның қан қызметінің құрылымын қайта құру шешімі әлемдік тәжірибенің шығарылатын өнімнің  сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында қан қызметін орталықтандырудың артықшылығын анық дәлелдеген  деректеріне негізделген. Соның нәтижесінде ауруханаларда орналасқан 180-нен астам қан құю бөлімшелерінде қан дайындау ісі тоқтатылды. ҚҚБ мен ҚҚК трансфузиология кабинеттері болып қайта құрылды, олардың негізгі міндеті донорлық қан өнімдерін клиникалық пайдалану мәселелерін шешумен шектелді.

Жаңа құрылым жағдайындағы қан қызметінің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді,  шығарылатын өнімнің бірыңғай номенклатурасы айқындалды, қан орталықтарының құрылымы, ғимараттар жиынтығы мен жабдықтармен жасақтандыру нормативтері стандартталды,  трансфузиялық көмек көрсету бөлігінде қан орталығы мен емдеу медициналық ұйымның арасындағы жауапкершілік аясы жіктелді.

Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 01 сәуірдегі № 171 бұйрығымен Қазақстан Республикасының қан қызметі іс әрекетінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы мониторинг енгізілді. Ол қызметтің әр бағытына ұдайы жан-жақты талдау жасап, республика бойынша орташа көрсеткіштерін анықтауға, жалпы қан қызметі бойынша да, жеке қан орталығы бойынша да жалпы жұмыстың ұйымдастырылуындағы «осал» буындарын анықтауға мүмкіндік берді. Мониторинг жүйесі әр деңгейдегі басшылар мен мамандарға қажетті ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік берді,  қан қызметін оны ұйымдастырудың әр деңгейінде жұмысын жетілдіруге бағытталған іс әрекеттерді жоспарлауға негіз берді.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында барлық қан орталықтары  қан мен оның компоненттерін дайындаудың заманауи әдістерін, донорлық қан зертханалық скринингін енгізуге мүмкіндік берді.

2008  жылы бүкіл республика бойынша қан компоненттерін лейкосүзу, донор плазмасын карантиндеу әдістері енгізілді, донор қанын инфекцияларға скринингі автоматтандырылды.  Иммуногематологиялық зерттеулердің барлық түрлерін өткізу үшін автоматты сараптауышта бағаналық агглютинация әдісі енгізілді. Автоматтандыру зерттеулердің  барлық кезеңдерін стандарттау және құжаттауды, нәтижелерінің жоғары сапасын, әділ бағалау  және айқындауды қамтамасыз етті.

Қан компоненттерін дайындаудың автоматтандырылған әдістері кеңге тарады, өнімді тасымалдаудың сақтаудың тиісті жағдайлар жасалды.

2008-2011 жылдары  8 қан орталығы салынып, пайдалануға берілді, донорлық қан компоненттерін өндіру процесін сапасы жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 111 шешімімен,  республиканың қан қызметінің жұмысын үйлестіру және одан әрі дамыту мақсатында, Астана қаласының  Қан орталығы негізнде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталық (ТҒӨО) құрылды.

Снимок.PNG

ТҒӨО Жандос Қонысұлы Бүркітбаев басқарды.

ТҒӨО мақсаты:

-         республика қан қызметінің жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу;

-         қан қызметі бойынша нормативтік құжаттар мен стандарттарын әзірлеу;

-         трансфузиология саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жоспарлап, өткізу;

-         республикада қан қызметінің мамандарының біліктілігін арттыру;

-         тағы басқа міндеттер айқындалды.

Қазақстан қан қызметінің бұдан былайғы  дамуының бағыты мен жолдарын айқындау мақсатында  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 614 бұйрығымен Қан қызметін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған қағидаты әзірленіп, бекітілді. Қағидаттың  шаралары:

- зертханалық скринингі мен қан компоненттерін дауындау жүйесін жетілдіруге;

- республика қан қызметінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға;

- қан орталықтарында жабдықтардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сервистік  қызметті құруға;

- өңірлерде қан қызметін халықаралық қағидаларға сәйкес құрылымдық өзгертуге;

- шикізатты контрактілі фракциялау арқылы қан препараттарымен қамтамасыз етуге;

- қызметтің нормативтік базасын жетілдіру және кадрлық әлеуетін дамытуға;

- ақысыз ерікті донорлықты дамытуға;

- әр қан орталығында өнімнің сапасы менеджментінің тиімді жүйесін дамытуға;

- қан компоненттерін пайдаланудың дәлелденген тәжірибесін зерттеп, қолдану бойынша шаралар қабылдауға;

- трансфузиялық саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыруға бағытталған.

Республикалық қан орталығының тарихы

Жыл

Оқиға

1934

ОҚҚИ (Орталық қан құю институтының)  Қазақ филиалы құрылды. Оның алғашқы басшысы болып Александр Николаевич Сызганов тағайындалды.

1937

ОҚҚИ филиалы  Қазақ КСР Денсаулық халық комиссариатының Қазақ қан құю институты болып  атанды.

1941

ҚазКСР  Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ қан құю институты Қазақ республикалық қан құю станциясы (ҚРҚҚС) болып қайта құрылды.

1941-1945

Соғыс жылдары Қазақ РҚҚС 3622 литр қан дайындалды, ол сол жылдары Қазақстанда дайындалған барлық қан көлемінің 50% құрады, 200 литр қалыпты гемагглютиндейтін сарысу дайындалды. Дайындалған қанның негізгі бөлігі сол жерде эвакогоспитальдарда пайдаланылды. Орталық қан құю институттың тапсырмасы бойынша РҚҚС 43 литр плазма дайындалып Мәскеуге жөнелтілді. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қан құю мәселелері бойынша 892 дәрігер, 972 орта медициналық қызметкер дайындалды, 32296 рет қан құйылды.

1949

1949 жылы қан қызметі бойынша Қан құю институтының қазақ филиалының  2-ші Республикалық конференция өткізілді.

1958

Плазманы лиофильді кептіретін «Юзифруа» француз аппараты алынды. Құрғақ плазманың сақтау мерзімінің ұзақтығы және тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап етпейтіні оны Қазақстанның барлық аймақтары үшін қолжеткізімді етеді.

1962

РҚҚС жаңа салынған ғимаратқа көшті, сол жылы  Қазақстанда алғаш рет гематологиялық ауруларды емдеу үшін 25 керуеттік  бөлімше және бүйректің функциясының жіті жеткіліксіздігі бар сырқаттарға көмек көрсету үшін 10 керуеттік «жасанды бүйрек» бөлімшесі ашылды. Осы жылы профессор О.С.Глозман  медицина тәжірибесіне алмастырып қан құю арқылы жаңа туылған нәресетелердің гемолитикалық ауруларын емдеу әдісін енгізді.                

1964

Донорлық плазмаферез әдісі енгізілді

1966

Плазманың ақуызын фракциялау (бөлу) бөлімшесі ұйымдастырылып, алғаш рет қан препараттарын – протеин мен фибриноген – алу әдісі енгізілді.

1971

Қан компоненттерінің, препараттарының және қаналмастырушылардың сапасын мемлекеттік бақылау зертханасы ұйымдастырылды.

1981

Жаңа өндірістік корпус пайдалануға берілді.

1987

Екі қайта плазмаферез әдісі енгізілді.

1987

РҚҚС  қан қызметіндегі алғашқы ИФА зертханасы ашылып, донорлық қанына  АИТВ вирусына скрининг жасала бастады.

1988

РҚҚС тарихындағы дайындалған қан көлемі ең жоғары көрсеткіші – 30 мың литр қан – белгіленді.

1989

40 мың литр плазма қайта өңделді. Тиісінше  қан препараттарын өндірудің көлемі де ұлғайды – альбумин 88 мың литрге дейін,  стафилококқа қарсы иммуноглобулин - 21 мың доза, криопреципитат – 4,4 мың дозаға дейін.

1990

1990 жыл – көк іріңге қарсы плазма шығарыла бастады.

1992

Ауырып сауыққан адамдардың қанынан крымдық геморрагиялы қызбаға қарсы иммуноглобулинның алғашқы сериясы өндірілді.

1994

Республикалық қаұ құю станциясының атауы Республикалық қан орталығы (РҚО) болып өзгертілді.

1996

Донор қанын С гепатит вирусына ИФА әдісімен скрининг енгізілді.

1997

Sylab технологиясы (Австрия) бойынша эритроциттерді сұйық азотта ұзақ уақыт сақтау технологиясы енгізілді.

1999

Аппаратты плазмаферез әдісі енгізілді, донордан плазма алу амалын автоматтандыруға, оның сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

2004

Қан компоненттерін лейкосүзу технологиясы енгізілді.

2006

Плазманы карантиндеу технологиясы енгізілді.

2007

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қан қызметін жетілдіру бойынша 2008-2010 жылдарға арналған   салалық бағдарлама әзірленіп, бекітілді.

 

2008

Қазақстан Республикасының қан қызметі іс әрекетінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы мониторинг енгізілді. Ол қызметтің әр бағытына ұдайы жан-жақты талдау жасап, республика бойынша орташа көрсеткіштерін анықтауға, жалпы қан қызметі бойынша да, жеке қан орталығы бойынша да жалпы жұмыстың ұйымдастырылуындағы «осал» буындарын анықтауға мүмкіндік берді.

2008

Донор қанын инфекцияларға скринингі автоматтандырылды.  Иммуногематологиялық зерттеулердің барлық түрлерін өткізу үшін автоматты сараптауышта бағаналық агглютинация әдісі енгізілді.

2008

CDC  ЦАР бірлесе отырып медициналық ұйымдарға Трансфузиологиялық кеңестерді енгізудің тетіктерін және іс қимылының негізін әзірленуі басталды.

2010

Донорлық қан үлгілерін мұрағаттау енгізілді.

2010

Донорлық қанкомпоненттерін өндіруді басқарудың «Инфо-донор» ақпараттық жүйесі енгізілді.

2011

Плазмада, тромбоциттер концентратында патогендердің белсенділігін жою әдісі енгізілді.

2011

Донорлық қан үлгілерін  гемотрансфузиялық инфекцияларға екі кезеңдік скринингі енгізілді.

2013

«Haemonetics» (АҚШ) компаниясының технологиясы бойынша қан жасушаларын ұзақ мерзім сақтау әдісі енгізілді.

Сол жылы шығарылатын қан препараттарының инфекциялық қауіпсіздігін арттыру мақсатында, фракциялауға арналған плазма пулдарында  ЖИТС, ВГВ және СГВ болуына тестілеу үшін ПТР әдісі енгізілді.

2013

Емдеу медициналық ұйымдармен  әрекеттестікті орнату бойынша ақпараттық жүйе енгізілді. Ол жүйе «донор-реципиент» тізбек үшін бірыңғай ақпараттық еңістік құруға, донорлық қан өнімдеріне өтінімдерді  электронды түрде қалыптастыруға,  медициналық ұйымдардағы трансфузиялық орталарқорларының ахуалы мен пайдаланылуын бақылауға, реципиенттердің деректер қорын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

2015

Тіндер мен ағзаларды транспланттауді зертханалық сүйемелдеу үшін иммунологиялық типтеу (HLA) зертханасы құрылды.

2015

РМҚК сол жылы ШЖҚ РМК болып қайта құрылды.

2015

 Көшпелі жағдайда плазманы аппаратты әдісімен дайындау енгізілді.

2015

CLSI (Clinical and Laboratory Standards Institute) зертханасының сапасын басқару жүйесін енгізуді басқаруды бағалау жүргізілді.