РГП на ПХВ "Республиканский центр крови"
Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Орталық туралы

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК

Орталық қан құю институтының Қазақ бөлімшесі Қазақ КСР Денсаулық Халкомының  бұйрығы бойынша 1934 жылы тамыздың 3-нде Алма-ата қаласында ашылды. Бөлімшені ұйымдастыру Қазақстанда алғашқы қан құю ісін жолға қойған профессор А.Н.Сызгановқа тапсырылды. Жұмыс істей бастаған алғашқы кезеңдерде филиал 1-ші хирургиялық  клиникасының  екі бөлмесінде орналасты.   1937 жылы Қазақ бөлімшесі Қазақ қан құю институты болып атала бастап,   алдына бір қатар ғылыми мәселе қойылды. Осы ғылыми-зерттеу жұмыстың нәтижесінде 1940 жылы 10 ғылыми еңбектен құралған алғашқы жинақ жарыққа шықты, дәрігер Тарабаева «Қорғасынмен уланғандағы гемотрансфузиялар» тақырыбымен диссертациясын қорғады. 1940 жылдың ақпанында Қазақ қан құю институты Қазақ КСР   Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Республикалық қан құю станциясы (РҚҚС)  болып қайта құрылды.  1994 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің № 1211 қаулысымен Республикалық қан құю станция атауы «Республикалық қан орталығы»  РМҚК (РҚО) болып өзгертілді.

Институт (кейін республикалық станция) қан дайындау және құю мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді даярлаудың  базасы қызметін атқарды. Облыстық станциялар мен басқа да қан қызметі мекемелерін ұйымдастыру жұмысы қызу жүргізілді. Нәтижесінде, 10 жыл ішінде Қазақстанның 13 қалаларында қан құю станциялары мен ірі аудан орталықтарында 25 қан құю орындар ашылды. Қазіргі таңда Қан қызметі – ол 28 қан орталығы, 41 қан құю бөлімше және қан дайындайтын 20 кабинет.

Ұлы Отан соғысы басталып, дәрігерлердің майданға аттанып кетуіне байланысты, қан құю мекемелерінің саны біршама қысқарды.  Соғыс жылдары Республикалық қан құю станциясында 3622 литр  донорлық қан,  200 литр стандартты изогемагглютиндеуші сарысу дайындалды. Қанның басым бөлігі жергілікті жерде, эвакогоспитальдарда пайдаланылды. Орталық қан құю институтының тапсырмасымен РҚҚС Мәскеуге 43 литр плазма жөнелтілді. Соғыс жылдары Қазақстанда қан құю саласы бойынша 892 дәрігер, 972 мейірбике дайындықтан өтті, 32 296 рет қан құйылды.

1945-1963 жылдары халықты донорлыққа тарту, қан қызметі мекемелері жүйесін қалпына келтіру және одан әрі дамыту жұмысы қайта жанданды.          1962 жылы ІІ  категориялық типтік жоба бойынша Республикалық қан құю станцияның жаңа ғимараты салынды. Осы кезеңде ҚазССР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, профессор О.С.Глозманның басшылығымен қанның резус-тиістілігін анықтау,  нәрестелердің гемолиздік ауруын ауыстырмалы қан құю арқылы емдеу жұмысы басталды. 1962 жылы жаңа типтік ғимаратқа көшкеннен бастап  қан аурулары бар сырқаттар үшін 25 керуеттік стационар, жіті бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын сырқаттарға көмек көрсету  үшін 10 керуеттік «жасанды бүйрек» бөлімшесі ашылды.    1964 жылы алғашқы рет донорларға плазмаферез жасау әдісі енгізлді. Бұл әдіс донорлық плазманы, әсіресе изо- және гипериммундық плазманы алудың көзін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 1966 жылы плазма ақуызын фракциялау (бөлшектерге бөлу) бөлімшесі ұйымдастырылып,  алғашы препараттар – альбумин мен фибриноген препараттарын алу әдісі енгізілді. Донорлық плазманы өңдеудің көлемі жыл сайын ұлғайып, 1988 жылы плазма барынша мол көлемде өңделді. 1987 жылы екі қайта плазмаферез әдісінің енгізілуі бір донордан дайындалған плазманың көлемін 276 мл-ден 576 мл-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 1988 жылы – жаңа препараттар – полибиолин, глюнат, криопреципитат өндіріле бастады.1990 жылы – дайындалған қанның көкіріңге қарсы антиденелердің болуына скрининг арқылы көкіріңге қарсы плазма алынды. 1992 жылы – крымдық геморрагиялық безгекпен ауырып жазылған адамдардың плазмасынан крымдық геморрагиялық безгекке қарсы иммуноглобулин сериялары өндірілді. 1992-1994 жылдары – Киров гематология мен қан құю ҒЗИ бірлесе отырып сіреспеге қарсы тамырға салу  үшін  иммуноглобулин өндірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1251  қаулысымен «Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдары қан қызметін жетілдіру шаралары туралы»  бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі – Республикалық қан орталығы. Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасы мен қолжеткізімдігін қаматамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның міндеттері:

· Қан қызметінің  нормативтік-құқықтық базасы мен ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;

· Материалдық-техникалық базаны жетілдіру негізінде  заманауи технологияларды  енгізу;

· Қан қызметі мамандарының біліктілігін арттыру;

· Қан мен оның компоненттерінің донорлығы ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін енгізу негізінде қан мен оның компоненттерінің донорлығын дамыту;

· Қан өнімдерінің сапасына кепілділік  жүйесін құру;

Қазақстан Республикасында Донорлардың ұлттық регистрын, қан өнімдері қорын басқару жүйесі мен өзге де мәселелер.

РҚО  өз жұмысын Жарғысына,  медициналық және фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензияларына және өзге де құрылтайшы құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

Қазіргі таңда Республикалық қан орталығы – 250 жоғарыбілікті мамандар, соның ішінде:  3 медициналық ғылымдар кандидаты. Барлық құрылымдық бөлімшелер  әлемдік стандарттарға сәйкес  заманауи жабдықтар мен аппараттармен жасақталған. РҚО-да  қан мен оның компоненттерін дайярлау үшін  бірреттік шығын материалдарды қолданады. РҚО кең көлемде қан препараттары мен компоненттерін өндіреді, соның ішінде лейкофильтрленген.РҚО мемлекеттік тапсырыс бойынша 23 республикалық денсаулық сақтау ұйымын қан өнімдерімен қамтамасыз етеді,  ақылы негізде – 114 медициналық ұйымды. Оның сыртында,  ақылы негізде АИТВ мен өзге де 20-ның сыртында гематологиялық инфекцияларға қан зерттеулерін өткізеді, 20 000 литрға дейін плазманы  қан препараттарына фракциялайды, түрлі материалдардың сублимациялық кептіруді жүзеге асырады.

Республикалық қан орталығының  есігі қан донорлығы, қан мен плазманы дайындау мен сынау, қан компоненттері мен препараттарын және қанның диагностикалық стандарттарын өндіру және қан өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұзақ мерзімді әріптестікке әрқашанда ашық.