РГП на ПХВ "Республиканский центр крови"
Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Донор болудың жолы

Қалай донор болуға болады

 Кез келген он сегіз жастан асқан дені сау адам  қан мен оның компоненттері доноры болуға ерікті. Ол үшін Алматы қаласы Өтепов көшесі, 1 мекенжайда орналасқан Республикалық қан орталығына дүйсенбі-жұма күндері сағат 08-00  кешкі  16-00 дейін бару керек. Өзімен жеке куәлігін  алып келу керек. Республикалық қан орталығының  тіркеу бөліміне алғашқы рет барғанда донордің деректерін  Бірыңғай донорлық жүйесінің  (БДЖ)  компьютерлік базасынан тексереді. Содан кейін донор терапевт-дәрігердің қарауында болады және  зертханалық зерттеулерден өтеді (қанның клиникалық талдамасы, қанның биохимиялық талдамасы,  қанды «В» және «С» гепатитінің, АИТВ, мерез вирусына  зерттеу).

ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР

Қан орталығына келерде өзімен жеке тұлғасын куәландыратын құжат ала келу керек (әскерилер – әскери билетін). Донордың дене салмағы 60 кг кем болмауы керек.

 ДОНОР БОЛУ – ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ИГІІС

 Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік бақылауда 500 мл-ға дейін қан беру адамның денсаулығы үшін еш қауіпсіз да зиянсыз екені дәлелденді.  Сондықтан 400 мл доза физиологиялық деп аталады. Адам ағзасында  орта есеппен  5 литрдей қан бар, яғни оның дене салмағының 7%.  Қан берудің дозасы – 450 мл донордың денсаулығы үшін мүлдем қауіпсіз да зиянсыз, сонымен қатар, дозаның көп бөлігі қанның сұйық бөлігі– плазма, ал ол 18-20 сағат ішінде  қалпына келеді. Қан  қызметі мамандарының  бақылауымен жүзеге асырылған донорлық  зиянсыз. Қан бергеннен кейін де донордың көңіл күйі көтеріңкі, еңбекке қабілеттігі сақталады, жай-күйі қалыпты болады.

 

ҚАН  БЕРУГЕ  ДАЙЫНДАЛУ – ДОНОРҒА  КЕҢЕСТЕР

- Қан тапсырардың алдында бір күн бұрын  және сол күні таңертең  майлы, ет және сүт тағамдарын жеуге болмайды;

- Түнгі ауысымды жұмыстан кейін, түнгі кезекшіліктен кейін қан тапсыруға болмайды;

- Күн тапсырар күннің алдында  салмақ түсетін ауыр жұмыс істемеңіз;

- Қан тапсырғанға дейін 3 сағат бұрын  темекі шегуге  және 48 сағат бұрын ішімдік ішуге болмайды;

- Таңғы асқа жеңіл тағамдар қажет (тәтті шай, шырындар, сусындар мен нан өнімдері).

 

ҚАН ДОНОРЛАРЫНА  ЖЕҢІЛДІКТЕР

1. Денсаулығы туралы анықтама және медициналық тексеруден (В және С гепатиті, мерез, АИТВ  вирусына талдау, аланинаминотрансфераза мен гемоглобиннің деңгейін, қан тобы мен резіс-тиістілігін анықтау) тегін өтеді.

2. Донация алдында ыстық шай.

3. Донация алдында  0,25 АЕК көлемінде ыстық тамақ.

4. Қан мен оның құрауыштарын тапссырған күні – орташа айлық сақтала отырып сол күнге  немесе басқа күнге демалыс беріледі, немесе донордың қалауы бойынша ол күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады.

5. Донорлар – студенттер, колледж оқушылары – қан тапсырған  күні  сабақтан босатылады.