РГП на ПХВ "Республиканский центр крови"
Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Кім донор бола алады

Кім донор бола алады

Он жастан асқан, дені сау, тиісті медициналық тексеруден өткен, ден саулығы жағынан қарсы көрсетілімдері жоқ және қан мен оның компоненттері донорв болуға ниет білдірген адам донор болуға құқылы.

Әр адам өзінің қанын өзінің мекемесінде, кәсіпорнында (жылжымалы бригадаға) не болмаса Республикалық қан орталығына келіп тапсыруына болады.

Ересек адамның ағзасында 5-6 литр қан бар, дене салмағына шаққанда 1/13 бөлігі немесе 7-8 % сәйкес.

Көптеген бақылаулар және зерттеулер арқылы дәрігерлер дені сау адамнан 400-450 мл қан немесе 500 мл плазма алынған оның денсаулығына және жұмысқа қабілеттігіне еш әсер етпейді.

Ағзадағы зат алмасу процесі күшейеді, адамның көңіл күйі көтеріледі, бетіндегі терісінің түсі ағарады, бауыры тазарады, ағзасы жасарады. Сондықтан дәрігерлер жылына 5 ретке дейін, аралығы 2 айдан қан тапсырып тұру зиянсыз деп есептейді.

ДОНОР БОЛУҒА БІР ҚАТАР ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР БАР:

Мыналар донор бола алмайды, егер ол:

1)    гепатитпен;

2)    бруцеллезбен;

3)    мерезбен ауырған болса;

4)    жүрегінің кемістігі, бронх демікпесі бар болса, АИТВ жұқтырған, созылмалы алкоголизмнен не нашақорлықтан зардап шеккен болса.

Донорлардың мынадай категориялары болады:

1)    қан донорлары;

2)    плазма донорлары;

3)    қан жасушаларының (тромбоциттер) донорлары;

4)    эритроциттер мен лейкоциттердің белгілі бір антигендік құрылымымен қан диагностикалық мақсатта пайдаланылады.