- Главная
- HLA-Лаборатория
HLA-зертхана
Республикалық қан орталығының тіндер мен ағзаларды иммунологиялық типтеу зертханасы НLA зерттеулердің барлық түрлерін жасайды.
Бұл зертхана Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 136 « Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарда тіндер мен ағзаларды иммунологиялық типтеу зертханасын дамыту бойынша шаралар туралы» бұйрығы негізінде ашылды. Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:
- донорлар мен реципиенттер қанының антигендік құрамын зерттеу;
- тіндік антигендерге сезімталдығының алдын-алу және гемотрансфузиялық терапияның тиімділігін арттыру мақсатында НLA-үйлесімді тромбоциттер донорларын іріктеу;
- ағзаларды транспланттауды НLA зерттеулер бөлігінде зертханалық сүйемелдеу.
Тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасының жұмысының негізгі бағыты НLA гистоүйлесімділіктің басты кешенінің антигендерді анықтаумен байланысты. Зертханалық талдаудың жаңа заманауи әдістемелері енгізілді: НLA-іліктес ауруларға бейімділігін анықтау: ревматоидтік артрит, Бехтерев ауруы, шашыраңқы склероз, целиакия.
Зертхана заманауи иммуногенетикалық зерттеулерді жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. 2015 жылы НLA-гендерді молекулалық-генетикалық типтеу: 1 класты НLA (HLA-A, HLA-B, HLA-C локустары), II класты HLA (HLA- DRB, HLA-DQB локустары). Алынатын нәтижелердің сапасы НLA-типтеуге қойылатын заманауи талаптарға сәйкес.
Зертханада жұмыс істейтін дәрігерлер мен зертханашылар жоғары және бірінші санаты бар, медицина саласында мол тәжірибесі бар мамандар.
Зертхананың жұмыс істей бастағанынан бері 2016 жылдың аяғына дейін 2 мыңнан астам НLA-зерттеулер өткізілді.
НLA зертхананың сүйемелдеуімен осы мерзімде Алматы қаласының тарнспланторталықтарында 235 ағзалар транспланттау, 185 бүйрек және 50 бауыр транспланттауын қоса алғанда, өткізілді.
Одан арғы жұмыс жоспарында: аллогенді гемопоездік дің жасушаларын транспланттаудың иммунологиялық қамтамасыз ету үшін донорлық регистрін ұлғайту; гематологиялық ауруларды емдеуді бақылау үшін генетикалық мутациясын анықтау; адамның НРА жүйелі тромбоциттер антигендер мен негізгі цитокиндерді типтеу.