/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі

АХМЕДШИНА ДАНИЯ АСХАТОВНА

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі


Жоғары медициналық білім.

1993 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.

1994-1997 жылдары С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің патологиялық физиология кафедрасында күндізгі аспирантурада оқыды.

1998 жылы «Жүректің қорғасынмен зақымдануын патогенездік жолмен түзету»

тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

1993 жылдан 2024 жылға дейін С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің патологиялық физиология кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарды.

Әр жылдары патологиялық физиология кафедрасында жұмыс істеген кезінде аралық мемлекеттік бақылау жөніндегі апелляциялық комиссияның мүшесі, кафедраның аға кураторы, ғылыми-зерттеу жұмысына, кафедраның сапа менеджменті жүйесіне, оқу үдерісінің сапасын кафедраішілік бақылауға жауапты болды.

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дегі қоғамдық жұмысы:

2001-2006 жылдары университеттің ғылыми атақтар беру жөніндегі біліктілік комиссиясының хатшысы.

2002-2004 жылдары педиатрия факультетінің оқу-тәрбие комиссиясының төрайымы.

2004-2006 жылдары шарттық бөлімшесінің емдеу факультеті деканының орынбасары.

2015-2023 жылдары Фармация мектебінің "Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы"білім беру бағдарламалары комитетінің мүшесі.

 

 

Негізгі міндеттері:

  • қан қызметі мәселелері бойынша РҚО құрылымдық бөлімшелері мен Республикалық медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
  • РҚО құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік қызмет көрсеткіштерінің мониторингі;
  • кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік қызмет көрсеткіштері мониторингінің динамикасы бойынша талдамалық жұмысты жүзеге асыру;
  • донорлықты, трансфузиялық көмекті, зертханалық зерттеулерді; транспланттауды зертханалық сүйемелдеуді дамыту мәселелері бойынша әртүрлі ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындауға және БАҚ-та жариялауға ақпараттық-талдамалық көмек көрсету.

 

 

Негізгі атқарымдары:

  • РҚО өндірістік қызметі бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  • кәсіпорынның жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу;
  • РҚО қызметкерлері мен трансфузиолог дәрігерлер үшін қан қызметі мәселелері бойынша семинарларды, конференцияларды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • қан орталығы қызметінің өндірістік көрсеткіштерін талдау және ақпаратты РҚО директорына ұсыну.