/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Бос жұмыс орындары

«Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК бос жұмыс орындары бойынша ақпарат

Бос жұмыс орын

Лауазымның атауы

Талаптар

1

Клиникалық жұмыс жөніндегі аудитор

Жоғары медициналық білімі, мемлекеттік денсаулық сақтау органдарындағы клиникалық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, ұйымның ерекшелігіне сәйкес келетін маман сертификатының болуы, екінші жоғары заң және (немесе) экономикалық білімінің болуы, тәуелсіз сарапшыны аккредиттеу туралы куәліктің және (немесе) медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы біліктілігінің болуы.

2

Трансфузиолог - дәрігер

Трансфузиолог (реаниматолог) дәрігер лауазымына жоғары медициналық білімі бар, «Трансфузиология» мамандығы бойынша қайта дайындаудан немесе мамандандырудан өткен және «Трансфузиология» мамандығы бойынша маман сертификаты бар тұлға тағайындалады.

3

Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері

Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері лауазымына "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар және "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен, сондай-ақ "Денсаулық сақтау менеджменті" немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша сертификаттық курстан өткені туралы куәлігі бар тұлға талап етіледі.

4

Статист-дәрігер

Статист-дәрігер лауазымына «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары медициналық білімі бар, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттық курстан өткені туралы куәлігі бар тұлға немесе келесі мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар: «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы медицина», «Шығыс медицинасы», «Стоматология», «Медициналық-биологиялық іс», «Мейіргер ісі», сондай-ақ «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттық курстан өткені туралы куәлігі бар тұлға тағайындалады. Республикалық қан орталығының (РҚО) қызметкерлеріне, медициналық ұйымдарға ұйымдық-әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсетеді, орталықтың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді — бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жалпы стандартты операциялық процедураларын (СОП) және бөлімнің ішкі СОП-тарын уақтылы жаңартуды қамтамасыз етеді. Бос лауазымдарға үміткер дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің құзыреттерін бағалау үдерісін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиологияның ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК-ға қан қызметі бойынша белгіленген есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері бойынша талдау жүргізеді. Бөлімнің есептік-медициналық құжаттамасын жүргізеді. Қан қызметі бойынша аналитикалық материалдар, анықтамалар, ақпараттар, есептер, презентациялар және өзге де құжаттар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен әдістемелік материалдарды дайындайды.

5

Мейірбике

Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, сондай-ақ осы мамандық бойынша маман сертификаты бар тұлға қабылданады. Міндеттері: – Лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін қан мен оның компоненттерін алады; – Дәрілік заттардың жұмсалуын бақылап, оларды есепке алу, сақтау және пайдалану жұмыстарын қамтамасыз етеді; – Есептік-медициналық құжаттаманы жүргізеді; – Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарын сақтайды; – Донордан техникалық регламентке сәйкес қан мен оның компоненттерін дайындайды; – Қан компоненттерін бөлімшелерден тек құжаттармен қабылдап, журнал жазбаларымен салыстырып тексереді; – Тромбоциттер мен плазмаға вирусинактивация жүргізеді, жарамсыз компоненттерді іріктейді; – Қан компоненттерін жою туралы актілерді уақытылы жасайды; – Донорлық плазманы уақытында мұздатып, сақтау тәртібін қамтамасыз етеді.

6

Тіркеуші

Тіркеуші лауазымына техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) медициналық білімі немесе жалпы орта білімі бар тұлға қабылданады. Міндеттері: – Донордың жеке басын куәландыратын құжат пен донор картасындағы деректердің сәйкестігін тексеру арқылы оны тіркейді және сәйкестендіреді; – Бекітілген медициналық есептік-құжаттаманы жүргізеді; – «INFO DONOR» жүйесінде донациялар мен қан компоненттерін тіркейді; – «INFO DONOR» жүйесіндегі сандық деректерді жүйелейді және өңдейді

7

Тазалықшы

Тазалықшы лауазымына бастауыш немесе жалпы орта білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жеке оқытудан өткен тұлға қабылданады. Міндеттері: – Санитарлық талаптарға сәйкес үй-жайларды тазалауды жүргізеді; – Қосалқы тазалық құралдарын дұрыс өңдеу мен сақтауды қамтамасыз етеді; – Санитарлық-гигиеналық және дезинфекциялық режим ережелерін сақтайды; – Бөлім меңгерушісінің тапсырмалары мен нұсқауларын уақытылы орындайды;.

8

Вентиляция және кондиционер жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету шебері

Вентиляция және кондиционер жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету шебері лауазымына тиісті мамандық бойынша орта техникалық білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын тұлға қабылданады. Вентиляция және кондиционер жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету шебері білуі тиіс: – Еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын; – Санитарлық-гигиеналық талаптарды; – Кондиционер компрессор агрегатының құрылысын; – Өлшеу құралдарының құрылысын және мақсатын; – Салқындату негіздерін; – Жабдықты монтаждау және жөндеуден кейін қабылдау ережелерін.

9

Салқындату жабдығын жөндеу және қызмет көрсету шебері

Салқындату жабдығын жөндеу және қызмет көрсету шебері лауазымына тиісті мамандық бойынша орта техникалық білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын тұлға қабылданады. Салқындату жабдығын жөндеу және қызмет көрсету шебері білуі тиіс: – Органдар мен мекемелер қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді; – Еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын; – Санитарлық-гигиеналық талаптарды; – Салқындату агрегатының құрылысын; – Өлшеу құралдарының құрылысын және мақсатын; – Салқындату негіздерін; – Жабдықты монтаждау және жөндеуден кейін қабылдау ережелерін.

10

Гараж меңгерушісі

Гараж меңгерушісі лауазымына сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе кейінгі жоғары) білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе сәйкес мамандық (квалификация) бойынша техникалық және кәсіптік, орта арнаулы (орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға талап етіледі. Гараж меңгерушісі білуі тиіс: – Ұйымның шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді; – Қызмет көрсететін персоналдың еңбек құралдарын механикаландыру құралдарын.

11

Көлік жүргізуші

Автотранспорт құралын басқару жүргізушісі лауазымына жалпы орта білімі бар, белгіленген арнайы бағдарлама бойынша даярлық өткен және өз мамандығы бойынша рұқсаты бар тұлға талап етіледі. Жүргізуші әртүрлі жол және ерекше жағдайларда тиісті санатты көлікті қауіпсіз басқару дағдылары, автомобильді техникалық сауатты пайдалану қабілеті, жол қозғалысы ережелерін, автотранспорт құралын техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді, есеп жүргізу тәртібі мен бекітілген есептілікті құру ережелерін, жол қозғалысы ережелерін білуі және меңгеруі тиіс