- Басты бет
- Мемлекеттік тіл
- Қазақ тілін оқыту курстары
Оқу әдістемелік құрал
Қазақ тілін меңгерудің деңгейін бағалау мақсатында тестілеу әдісімен емтихан тапсыру үшін дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құралында тыңдалым, оқылым, жазылым түрлері бойынша, сондай-ақ лексика-грамматикалық құрылым түрлеріне қатысты материалдар топтастырылған және емтиханға дайындалудың тиімді жолдары мен әдістері ұсынылған.
Басылым – азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ің әдістемелік материалдарының бір бөлігі. Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін екінші тіл ретінде, шетел тілі ретінде үйренушілерге, тест тапсырушыларға, сондай-ақ оқытушылар мен маман әдіскерлерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне және көпшілік тіл үйренушілерге арналған.
Тіл үйренушінің басты мақсаты және арманы – сол тілде өз ойын жеткізе алатындай дәрежеде игеру. Осыған байланысты қазіргі кезеңде тілді үйретудің әлемдік практикасында ең тиімді бағыт ретінде сөйлеу әрекетінің түрлерін өзара сабақтастықта, белгілі бір жүйеде пайдалана отырып, тілді деңгейлер бойынша оқытып үйретудің әдістемесі алдыңғы қатарға шықты. Бұл әдістеме, ең алдымен, оқыту материалдарын «қарапайымнан күрделіге қарай» ұстанымы бойынша орналастыру арқылы тілді үйренудің оңтайлы екендігін, тілдік дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдарын айқын дәлелдеп берді. Деңгейлік жүйеде оқытудың бағыттары одан әрі тереңдетіле түсті; осының нәтижесінде әлемде ағылшын тілін үйретудің оңтайлы әдістері жинақталған, тіл үйренушінің тілдік дағдыларының қалыптасуына көмек беретін саналуан оқу-әдістемелік құралдар, шет тілі ретінде ағылшын тілінен емтихан тапсыруға арналған тест жүйесінің кешендері жарық көрді. Әсіресе, тілді шет тілі дәрежесінде меңгерудің деңгейін анықтауға арналған тест жүйесінің, тест тапсыру үшін өз бетінше дайындалуға ықпал ететін оқу-әдістемелік құралдардың маңызы жоғары. Осындай материалдарды пайдаланудың нәтижесінде тіл үйренуші тіл меңгеру сабақтары мен әдістері арқылы нақты бір деңгейге (мысалы, базалық деңгейге) қажетті тілдік құрылымдарды меңгерген соң дәл сол деңгейде тілді меңгергендігін растайтын емтихан бар екенін және ол емтихан мақсатына қарай әртүрлі талаптармен ұсынылатынын біледі, сондықтан емтихан тапсырмаларын түсіну арқылы тіл меңгерудегі білімін одан әрі шыңдай түседі.
Мұндай оқу-әдістемелік құралдар тест бөліктері, яғни тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөліктер бойынша тест тапсырмаларын талдау арқылы сөйлеу әрекетінің түрлеріне байланысты дағдыларының қалыптасуын нақтылайды.
Тіл үйренушіге ыңғайлы тәсілдер бойынша жылдар бойы жинақталған тәжірибені ескере отырып, ұсынылған оқу-әдістемелік құралдарда алдымен кіріспе тест тапсыру арқылы тіл меңгеру дәрежесі анықталады, содан соң әрбір бөлік бойынша мазмұны ұқсас тапсырмаларды бірнеше рет талдау арқылы тапсырма мазмұны түсіндіріледі, тапсырма мазмұнын түсіну арқылы оқулық тілдік құрылымды толық түсінуге септігін тигізеді. Осы кезеңдерден соң тапсырмаларға қатысты жаттығулар беріледі. Бұл жаттығулар да тіл үйренушіге сол тілдің ерекшеліктерін түсінуге, қалыптасқан дағдыларды нақтылай түсуге көмектеседі. Қорытынды тест бөлігі алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан тілдік құзыреттіліктерді тексеру тапсырмалары ретінде беріледі.
Әрбір тест тапсырмаларының жауаптары оқу-әдістемелік құрал соңындағы қосымшада беріліп отырады, яғни тіл үйренушінің әрбір кезең сайын өзінің жауаптарын тексеріп отыруға мүмкіндігі бар. Жаттығу бөлігіндегі тапсырмаларда тікелей жұмыс дәптері ретінде пайдалануға болатындай мүмкіндіктер қарастырылған. Тыңдалым, жазылым бөліктері үшін аудиожазбалар компакт-дискіде қосымша беріліп отырады. Бұл тәсіл де сол тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс қалыптасуына, тапсырмалардың маңыздылығы мен негізгі мән берілетін тұстарын есте сақтау қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Қазіргі таңда қазақ тілін меңгеру бағытында тіл үйренушілерге әртүрлі әдістемелер бойынша оқу құралдары, сөздіктер мен грамматикалық анықтағыштар, тілді меңгеруді бағалаудың құралдары, ақпараттық сүйемелдеулер, сондай-ақ БАҚ материалдары ұсынылып келеді. Соңғы 15-20 жыл көлемінде өзге тілді аудиторияларға арналып жарияланған сан түрлі оқулықтар мен оқу құралдарының, басқа да лингводидактикалық материалдардың республика өкілдеріне тілді үйрету, меңгерту, сайып келгенде, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мен тіл стратегиясының жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқандығын айрықша атап өтуге тиіспіз.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ-тің халықаралық жүйелермен ұқсастығы бар. ҚАЗТЕСТ жүйесі екі түрлі арнамен беріледі: бірі шетел тілі ретінде тіл үйренушінің тіл меңгеру деңгейін бағаласа, енді бірі қазақ тілін екінші тіл ретінде бағалауға бағытталған. Тест құрамы тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөліктерден тұрады. Әрбір бөліктер бойынша тапсырмалар «өте оңай тапсырмадан күрделіге» қағидатын негізге ала отырып құрастырылған. Тест тапсырмаларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар* негізінде анықталады.
Тапсырмалардың өзі тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты күнделікті өмір мен адамзатты қоршаған ортаға негізделіп тілдік ортада тіл қолдану мүмкіндіктеріне бағытталған. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер дәрежесінде тіл меңгеру деңгейлерін бағалауға болады. Бұл деңгейлер халықаралық тіл меңгеру деңгейлеріне сәйкестендірілген. Деңгейден деңгейге өтуде сабақтастық қағидаты сақталып отырады, төменгі деңгейде белгілі бір тақырып бойынша өте қарапайым тапсырма берілсе, одан жоғары деңгейде дәл сол тақырып қарастырылады, бірақ сөздік қоры да күрделірек, тапсырма түрі де қиынырақ болып келеді.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың ерекшелігі жоғарыда айтылғандай тест құрамындағы сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылым бойынша тест тапсырмаларына тоқталып, талдап, қорытынды тест тапсыру арқылы тілдік дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ тілін қарапайым деңгейде (A1) меңгеруге жету үшін 100-120 оқу сағаты, базалық деңгейде (A2) – 180-200 оқұ сағаты, орта деңгейде (B1) – 220-240 оқұ сағаты, ортадан жоғары деңгейде (B2) – 180-200 оқұ сағаты, жоғары деңгейде (C1) – 100-120 оқұ сағаты жету қажет деп есептеледі.
Қазақ тілін меңгеруде бұл еңбек өз тиімділігін берер деген ниетпен тіл үйренушіге сәттілік тілейміз!
Тыңдалым бөлігіне шолу
Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеруді бағалауға арналған тыңдалым бөлігі бойынша тест 4 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде күнделікті өмірде жиі қолданылатын бір сұрақ немесе репликадан тұратын 5 тапсырма беріледі. Тест тапсырмаларында қызметі, мекенжайы, хал-жағдайы, уақыт, ауа райы, жыл мезгілдері, туыстық атаулар және т.б. сұрақтар мен өтіну мәніндегі сөйлемдер қолданылады. Тапсырма қойылған сұрақты немесе айтылған репликаны дұрыс түсініп, дұрыс жауап беруге арналған. Дұрыс жауап нұсқасы қазіргі ауызша сөйлеу ережесіне, этикалық нормаға сай грамматикалық тұрғыдан сауатты болуы қажет. Сұрақтар мен реплика ауызша сөйлеу негізінде құрылған.
Екінші бөлімде күнделікті өмірде жиі қолданылатын жеңіл 4 диалог беріледі. Әр диалог бойынша 2 тапсырмадан беріледі, барлығы – 8 тапсырма. Диалогтер ауызша сөйлесу негізінде құрастырылған үй, көше, отбасы, көлік, аялдама, асхана, кітапхана, дүкен, ауыл, қала, мезгіл, апта, күн райы және т.б. тақырыптарды қамтиды. Әр диалогтегі екі тапсырма алдымен диалогті жалпы түсінгенін, екіншіден диалогтегі ақпаратты есте сақтағанын тексеруге арналған. Тіл үйренушінің диалогті жалпы қалай түсінгендігі диалогтің мазмұны, диалог өтіп жатқан мезгіл, мекен, кімдердің арасында болып жатқандығы туралы сұрақтар негізінде анықталады.
Үшінші бөлімде де күнделікті өмірде жиі қолданылатын, бірақ ақпараттары көбірек орташа және ұзақтау 3 диалог беріледі. Алғашқы бір диалог ауызша сөйлеу негізінде құрастырылған, екі диалог – баспасөзден немесе көркем шығармадан алынып бейімделген диалогтер. Мәтін мазмұны жоғарыдағы тақырыптарды қамтиды, бірақ бірнеше ақпарат қатар беріледі. Әр диалогке 3 тапсырмадан беріледі, барлығы – 9 тапсырма. Бірінші тапсырма – диалогтегі нақты ақпаратты түсінуге (бірнеше ақпараттың нақты біреуін), екінші тапсырма – диалогтегі ақпараттарды мағыналас немесе сәйкес сөздермен ауыстыруға, үшінші тапсырма – ақпараттарды салыстыра отырып, диалогтің мазмұнын толық түсінуге арналған.
Төртінші бөлімде жоғарыдағы тақырыптарды қамтитын бейімделген 2 мәтін беріледі. Әр мәтінге 4 тапсырмадан беріледі, барлығы – 8 тапсырма. Бірінші тапсырма – мәтіннің тақырыбын табуға, екінші тапсырма – мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінуге, үшінші тапсырма – мәтінде берілген бірнеше ақпараттарды есте сақтай отырып, қандай ақпарат жоқ екенін түсіне білуге, төртінші тапсырма – мәтін бөліктері бойынша дұрыс сұрақ қоя білуге арналған.
Тыңдалым бөлігінің тапсырмаларын дұрыс орындау үшін мұқият тыңдауға, жалпы түсінуге, ұзақтау диалогтер мен мәтін мазмұнын толық түсінуге, бірнеше ақпаратты бөлшектеп есте сақтауға, мәтіндегі ақпараттардың берілуіне – грамматикалық құрылымына (болған іс, болатын іс, болып жатқан іс) назар аудару қажет.
Тыңдалым бөлігінің тапсырмаларын орындау ережесі:
● Тапсырма саны – 30
● 25 минут уақыт беріледі.
● Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай беріледі
(5 – өте жеңіл, 8 –жеңіл, 8 – орташа, 9 – қиындау).
Әр тапсырманы орындау үшін 15 секунд уақыт беріледі.
Тыңдалым бөлігі
Алдын ала тест
Блок аудирование
Предварительный тест
Бірінші бөлім
● Бірінші бөлімде 5 тапсырма беріледі.
● Сұрақты немесе репликаны компакт-дискіден мұқият тыңдап, дұрыс жауабын
● Сұрақты немесе репликаны бір рет қана тыңдау қажет.
● В первой части предлагается 5 тестовых заданий.
● Внимательно прослушайте вопрос или реплику с компакт-диска и определите правильный ответ.
● Вопрос или реплика прослушивается только один раз.
1. Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
А) – Бар ғой.
В) – Қазір.
С) – Рақмет.
D) – Ауа райы.
2. Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
… күні ме?
А) Сәрсенбі
В) Сейсенбі
С) Бейсенбі
D) Дүйсенбі
3. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Найдите правильный ответ.
А) ақпан
В) қазан
С) қараша
D) желтоқсан
4. Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
А) сәуірде
В) қазанда
С) қаңтарда
D) тамызда
5. Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
А) інім
В) апам
С) сіңлім
D) қарындасым
Екінші бөлім
● Екінші бөлімде 4 диалог беріледі.
● Диалогті компакт-дискіден мұқият тыңдап, дұрыс жауабын табыңыз.
● Диалогті бір рет қана тыңдау қажет.
● Во второй части предлагается 4 диалога.
● Внимательно прослушайте диалоги с компакт-диска и определите правильные ответы.
● Диалог прослушивается только один раз.
6. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Найдите правильный ответ.
Диалог кімдер арасында жүріп жатыр?
А) дәрігер мен науқастың
В) сатушы мен алушының
С) дәрігер мен жолаушының
D) мұғалім мен оқытушының
7. Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Ауырып тұрған – ... .
А) іші
В) тісі
С) көзі
D) басы
8. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Найдите правильный ответ.
Әсел не істеп жатыр?
А) бір затты көрді
В) бір затты тапты
С) бір затты қойды
D) бір затты іздеп жатыр
9. Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Жоғалған – ... .
А) кітап
В) газет
С) дәптер
D) журнал
10. Сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.
Укажите правильный вариант ответа на вопрос.
Азамат киноға кіммен барды?
А) досымен
В) қызымен
С) құрдасымен
D) дос қызымен
11.Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Найдите правильный ответ.
Олар қай кинотеатрға барды?
А) Арман
В) Алатау
С) Байқоңыр
D) Сарыарқа
12. Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Алтай Ажарға сыйлық ... .
А) сыйлады
В) әлі алған жоқ
С) алып қойды
D) сыйлап жатыр
13. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Найдите правильный ответ.
Алтайдың таңдауы не болды?
А) гүл
В) иіссу
С) кәмпит
D) ұялы телефон
Үшінші бөлім
● Үшінші бөлімде 3 орташа диалог беріледі.
● Диалогті компакт-дискіден мұқият тыңдап, дұрыс жауабын табыңыз.
● Диалогті бір рет қана тыңдау қажет.
● В третьей части предлагается 3 диалога средней продолжительности.
● Внимательно прослушайте диалоги с компакт-диска и определите правильные ответы.
● Диалог прослушивается только один раз.
14. Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Алтай ... келді.
А) жаяу
В) таксимен
С) автобуспен
D) трамваймен
15. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ажар ... .
А) Алтайға ренжіді
В) Алтайды тексерді
С) Алтайдан кешірім сұрады
D) Алтайдың көңілін жайландырды
16. Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Алтайдың кешігуінің негізгі себебі – ... .
А) автобустың кешігуі
В) телефонын таппауы
С) таксиге ақшасының болмауы
D) телефонды ұмытып, үйінде қалдыруы
17. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Найдите правильный ответ.
Сөйлесіп тұрған кімдер?
А) кондуктор мен жолаушы
В) жолсерік пен жолаушы
С) жүргізуші мен жолаушы
D) жолаушы мен жолаушы
18. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Олардың орны – вагонның ... .
А) бас жағында
В) ортасында
С) ортасына таман
D) соңына таман
19. Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Жолаушының не сұрағанын көрсетіңіз.
А) Билеттерің бар ма?
В) Вагонда кісі көп пе?
С) Орнымыз қай жерде?
D) Астанада қашан боламыз?
20. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Найдите правильный ответ.
Диалог не туралы?
А) өнім өндіру
В) өнімді сату жайлы
С) өнімді жою туралы
D) өнімді қабылдау
21. Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Өндіруші жақтың шарты – ... .
А) өнімді алғызу
В) бағаны төмендету
С) тапсырысты көбейту
D) өнім жайлы ақпарат беру
22. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Өндіруші мен тұтынушы ... .
А) келісті
В) шарт жасасты
С) келісе алмады
D) ақпарат алмасты
Төртінші бөлім
● Төртінші бөлімде 2 қысқа мәтін беріледі.
● Мәтінді компакт-дискіден мұқият тыңдап, дұрыс жауабын табыңыз.
● Мәтінді бір рет қана тыңдау қажет.
● В четвертой части предлагается 2 коротких текста.
● Внимательно прослушайте тексты с компакт-диска и найдите правильные ответы.
● Текст прослушивается только один раз.
1-мәтін тапсырмалары
23. Мәтінге лайық дәлірек тақырыпты таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
А) АҚШ символы
В) Күтпеген сыйлық
С) Француздар әрекеті
D) Еркіндік статуясының тарихы
24. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите информацию, отсутствующую в тексте.
А) статуяның қашан жасалғаны
В) статуяның қалай жеткізілгені
С) статуяның неден жасалғандығы
D) статуяның қашан тапсырылғаны
25. Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.
Определите основную информацию в тексте.
А) статуяның жасалуы
В) статуяның жеткізілуі
С) статуяны орналастыру
D) статуяны кім, неге жасағандығы
26. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
Поставьте вопрос к подчеркнутым словам.
Статуяны бөлшектеп, теңіз арқылы жеткізген.
А) қашан?
В) қайда?
С) қалай?
D) немен?
2-мәтін тапсырмалары
27. Мәтінге лайық дәлірек тақырыпты таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
А) Болашақ ғалым
В) Білімге құштарлық
С) “Аэростат теориясының” тарихы
D) К.Э. Циолковский өмірі мен қызметі
28. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите информацию, отсутствующую в тексте.
А) К.Э. Циолковскийдің білімі
В) К.Э. Циолковскийдің отбасы
С) К.Э. Циолковскийдің мақсаты
D) К.Э. Циолковскийдің денсаулығы
29. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) К.Э. Циолковский өмірі
В) Ресейдің әйгілі адамдары
С) К.Э. Циолковскийдің өнегесі
D) К.Э. Циолковский – ұлы ғалым
30. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
Поставьте вопрос к подчеркнутым словам.
Білімге құштарлық керек.
А) не?
В) неге?
С) қандай?
D) не істеу керек?