/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК тарихы

Алғаш рет Алматы қаласында 1934 жылы орталық қан құю институтының (ЦИПК) Қазақ филиалы құрылды. Оның алғашқы жетекшісі профессор Александр Николаевич Сызғанов болды.

1937 жылы ЦИПК Қазақ филиалы Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының Қазақ қан құю институты болып өзгертілді.

1941 жылы Қазақ қан құю институты ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Республикалық қан құю станциясы (РҚҚС) болып қайта құрылды.

Соғыс жылдары 1941-1945 жылдары Қазақ РҚҚС 3622 литр қан дайындалды, 200 литр стандартты гемагглютинациялайтын сарысу дайындалды. Орталық қан құю институтының тапсырмасы бойынша РҚҚС 43 литр плазма дайындалып, Мәскеуге жөнелтілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанда қан құю мәселелері бойынша 892 дәрігер мен 972 орта медицина қызметкері дайындалып, 32296 қан құю жүргізілді.

1958 жылы плазманы лиофильді кептіру технологиясы енгізілді. Құрғақ плазманың сақтау мерзімі ұзақ болды және тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап етпеді, бұл оны Қазақстанның барлық өңірлері үшін қолжетімді етті.

РҚҚС 1962 жылы жаңа ғимаратқа көшті, қазіргі уақытта ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

РҚҚС базасында Қазақстанда алғаш рет гемотологиялық ауруларды емдеу бойынша 25 төсектік бөлімше және бүйректің функциясының жіті жеткіліксіздігі бар науқастарға көмек көрсету үшін 10 төсектік «жасанды бүйрек» бөлімшесі құрылды.

Профессор О.С. Глозман алмастырып қан құю арқылы жаңа туған нәрестелердің гемотологиялық ауруын емдеу әдісін тәжірибеге енгізді.

История РГП на ПХВ «Республиканский центр крови» Министерства Здравоохранения РК

1964 жылы дискретті донорлық плазмаферез әдісі енгізілді.

1966 жылы плазма ақуыздарын фракциялау бөлімшесі ұйымдастырылды және алғашқы қан препараттарын проитеин мен фибриногенді алу әдісі енгізілді.

1971 жылы қан компоненттерінің, препараттарының және қаналмастырушылардың сапасын мемлекеттік бақылау зертханасы ұйымдастырылды.

1981-1989 жылдардағы жұмыс кезеңінде қан препараттарын өндіруге арналған жаңа корпус пайдалануға енгізілді. Плазманы қайта өңдеу көлемі жылына 40 мың литрге дейін ұлғайды. Тиісінше қан препараттарын шығару көлемі – альбумин 88 мың литрге дейін, стафилококқа қарсы иммуноглобулин 21 мың дозаға дейін, криопреципитат 4,4 мың дозаға дейін өсті.

1987 жылы екі мәрте дискретті плазмаферез әдісі енгізілді.

РҚҚС-да алғашқы қан қызметі ИФА зертханасы ашылып, донорлық қанның АИТВ-қа скринингі басталды.

РҚҚС тарихында дайындалған қанның ең жоғары көлемі 1988 жылы байқалды - 30 мың литр.

Іріңге қарсы плазманың жаңа шығарылымы 1990 жылы басталды.

1992 жылы ауырып сауыққан адамдардың қан плазмасынан Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы иммуноглобулиннің бірінші сериясы өндірілді.

1996 жылы донор қанын С гепатиті вирусына ИФТ әдісімен скрининг енгізілді.

В 1996 году внедрен скрининг крови доноров на вирус гепатита С методом ИФА.

Алғаш рет 1997 жылы Sylab (Австрия) технологиясы бойынша эритроциттерді сұйық азотта ұзақ уақыт сақтау технологиясы енгізілді.

1999 жылы аппаратты плазмаферез әдісі енгізілді, ол донордан плазма алу процесін автоматтандыруға, оның сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

2004 жылы қан компоненттерін лейкофильтрлеу технологиясы енгізілді.

2006 жылы плазманы карантиндеу технологиясы енгізілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылы қан қызметінің жұмысын жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекітті, РҚО техникалық қайта жарақтандыруды жүргізді, білікті кадрлар даярлады.

2008 жылы Қазақстан Республикасы қан қызметі қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тоқсан сайынғы мониторингі енгізілді, ол жан-жақты талдауды тұрақты жүргізуге, қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша орташа республикалық көрсеткішті есептеуге, қан қызметі мен тұтастай, сондай-ақ жекелеген қан орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы «әлсіз» буындарды анықтауға мүмкіндік берді. Донорлық қанның инфекцияға скринингі автоматтандырылды, иммуногематологиялық зерттеулердің толық спектрін жүргізу үшін автоматты талдауышта бағаналық агглютинация әдісі енгізілді.

СDC-пен (Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары) бірлесіп медициналық ұйымдарға трансфузиялық кеңестердің қызмет негіздері мен енгізу тетіктерін әзірлеу басталды.

2015 жылы HLA-зерттеулерді орындаудың серологиялық әдісі енгізілді және игерілді: -кросс-матч; -ИФТ антиденелері; 3 локус бойынша типтеу (A, B, DRB1), сондай-ақ «кросс-матч» үйлесімділігіне сынама нәтижелерін фотоқұжаттау енгізілді.

Бұдан басқа, 2015-2016 жылдары онкогематологиялық науқастар үшін тромбоциттерді жеке іріктеу және серологиялық кросс-матч, ИФТ кросс-матч, ИФТ-антиденелер, 3 локус бойынша типтеу (A, B, DRB1) әдістемелерін қолдана отырып, кадаверлік транспланттауды сүйемелдеу енгізілді.

2015 -2017 жылдары 5 локус (SSP- (A, B, C, DRB1, DQB1) бойынша типтеу енгізілді. Бұдан басқа, 2016 жылы: жоғары ажыратымдылықтағы 5 локус бойынша типтеу (SBT-A, B, C, DRB1, DQB1) luminex 100-де ағынды флюорометрияны игеру (SSO-A, B, DRB1 типтеу), антиденелер скринингі және антиденелердің ерекшелігін айқындау, қанның кадрлық донорларын серологиялық әдіспен (CDC) фенотиптеуді енгізу, ал 2017 жылы ГДЖ трансплантациясынан кейін реципиенттер үшін химеризмге зерттеу енгізілді; stem cell HLA totalcocktail көмегімен кросс-матчты жетілдірді.

2018 жылы әлеуетті реципиенттер ағзалар тіркелімі - МИСУДР (TRINIS) медициналық ақпараттық жүйесінің бағдарламалары енгізіліп, игерілді, 2019 жылы PCR-realtime молекулярлық-генетикалық типтеу технологиясы енгізілді, сондай - ақ, 2019 жылы PCR-realtime молекулярлық генетикалық типтеу технологиясы енгізілді. 2020 жылы Inno-Train жиынтығымен целиакия әдістемесі игерілді; оңтүстік өңірдің күту парағынан ағзалардың әлеуетті реципиенттерінде сенсибилизация пайызын (PRA %) анықтау әдістемесі игерілді.