/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Қалай донор болуға болады

Он сегіз жасқа толған, тиісті медициналық тексеруден өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген жеке тұлға донор болуға құқылы.


Әрбір адам өз қанын өзінің кәсіпорнында, мекемесінде немесе Республикалық қан орталығына келіп бере алады.

Ересек адамның денесінде 5-6 литр қан бар, бұл дене салмағының 1/13 немесе 7-8%-на сәйкес келеді.

Көптеген зерттеулер мен бақылаулар арқылы дәрігерлер 400-450 мл қан немесе 500 мл плазма алу сау адамның ағзасына және оның еңбекке қабілеттілігіне әсер етпейтінін дәлелдеді.


Зат алмасу күшейеді, көңіл-күй жақсарады, бет терісінің түсі, бауыр жеңілдейді, ағза жасарады.

Сондықтан дәрігерлер жылына 5 рет қан тапсыруды 2 айлық қан тапсырудың аралығымен мүлдем зиянсыз деп санайды.