- Басты бет
- Донорларға ақпарат
- Қан донациясының түрлері
Қан тапсыру рәсімі
ТІРКЕУ БӨЛІМІ
Қан тапсыруға келгенде жеке басын куәландыратын құжатты өзіңізбен бірге алып келуді ұмытпаңыз.
Тіркеу бөлімінде Сіз өзіңіздің денсаулығыңыз туралы сұрақтармен сауалнама толтыруыңыз керек. Сауалнаманы толтыру кезінде асықпаңыз, әр сұрақтың жауабын тыныш ойлаңыз.
Сіз толтырған сауалнама Сіздің денсаулығыңызды бағалау кезінде маңызды құжат болып табылады. Біздің міндетіміз – қан беру Сіздің денсаулығыңыз үшін, сондай-ақ қан компоненттерін құюдан өтетін науқас үшін қауіпсіз болатынын анықтау.
Донор туралы барлық ақпарат құпия!
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ
Қан мен оның компоненттерін донациялауға дейін донорды саусақтан алынған қан тамшысы бойынша алғашқы зертханалық тексеру жүргізіледі:
- АВО жүйесінің қан тобын тікелей әдіспен анықтау, резус тиістілігі
- гемоглобин деңгейі (барлық донорларда);
- аланинаминотрансфераза (бұдан әрі – АЛТ) белсенділігін анықтау (барлық донорларда);
- Келл антигенінің болуы;
Қосымша:
- тромбоциттер донорларындағы тромбоциттер санын және аферезді тромбоциттер донорларындағы гематокритті анықтау;
- аферезді плазма донорларындағы жалпы ақуыз деңгейі;
Трансфузиолог дәрігер жүргізетін іс-әрекеттер:
- салмақты, дене температурасын өлшеу (норма 36 градустан кем емес. С және 37 градустан аспайды. С), қан қысымы (норма: систолалық - 90 - 140 шегінде, диастолалық - 60 - 90 мм сынап бағанасы),
- жүрек соғу ырғақтылығы мен жиілігін анықтау (минутына 60-тан 80 соққыға дейін),
- «донор сауалнамасы» деректерін ескере отырып, егжей - тегжейлі анамнез жинау,
- теріні, көрінетін шырышты қабықтарды, шелді тексеру,
- тері астындағы лимфа түйіндерін (желке, жақ асты, мойын) жедел және созылмалы аурулардың жалпы белгілерінің, инъекциялық есірткіні тұтынудан болатын іздердің болуы мүмкін екендігіне пальпациялау.
- донорда шағымдар болған кезде кеуде қуысын тыңдау,
- донордың психоневрологиялық мәртебесін бағалау
Егер сұрақтар немесе күмән туындаса, медициналық тексеру өткізетін трансфузиологпен кеңесуді ұмытпаңыз.
Алынған мәліметтер негізінде Сіз қан (компоненттер) бере аласыз ба, жоқ па деген сұрақ шешіледі.
Тұрақты донорлар қосымша тексеріледі. Жылына кемінде 1 рет перифериялық қанның (гемоглобин (гематокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы, лейкоциттік формула) құрамын зерттеу жүргізіледі.
Барлық дайындалған донорлық қан және оның компоненттері міндетті түрде төмендегі айтылғандарға тексеріледі:
-АИТВ-1 және АИТВ-2 адамның иммун тапшылығы вирустарына антиденелер мен антигеннің болуын;
- В гепатиті вирусының антигенінің болуын;
- С гепатиті вирусына антиденелердің болуын;
- мерез қоздырғышына антиденелердің болуын;
- қан топтық тиістілікке, резус-факторға, Келл-антигенге қайта зерттеледі.
Донорларды қан немесе оның компоненттерін беру алдында тексеру, сондай-ақ қан мен оның компоненттерін дайындаудың барлық кезеңдері донорды жұқтыру мүмкіндігін болдырмайтын стерильді шығыс материалдары мен бір рет қолданылатын гемоконтейнерлерді пайдалана отырып ғана жүзеге асырылады.
Барлық осы зерттеулерді жүргізу үшін тек ең заманауи әдістер қолданылады.