/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Қан мен оның компоненттерін донациялау қауіпсіздігі

Қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Республикалық қан орталығының негізгі мақсаты болып табылады. Ол үшін донорларды тұрақты медициналық тексеру жүргізіледі. Қан тапсырар алдында донор инфекциялық, соматикалық және созылмалы аурулардың болуына терапевт дәрігерінде медициналық тексеруден өтеді. Сауалнама толтырылғаннан кейін донор ұсынатын ақпаратты ескере отырып, тәуекел факторларын анықтау тұрғысынан құпия әңгіме жүргізіледі. Тұрақты донорлар жыл сайын медициналық тексеруден өтеді: ОАК, ЭКГ, ФГ. Трансмиссивті инфекциялардың болуына зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Инфекциялық маркерлерге зертханалық зерттеу үшін донорлық қан үлгілерін іріктеу қанды немесе оның компоненттерін донациялау кезінде бір реттік вакуумдық пробиркаларда жүзеге асырылады.


Донордың қатысуымен зауыттық заттаңбада мынадай деректерді: донордың тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тіркеу нөмірін (тіркеу кезінде берілген донациялау кодын немесе марканың нөмірін), қан тобын, резус-факторын және қан мен оның компоненттерін донациялау күнін көрсете отырып, арнайы жабық стерильді жүйені (гемакон) бастапқы паспорттау, сондай-ақ донордың тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған күнін, жынысын, тіркеу нөмірін (тіркеу кезінде берілген донациялау кодын немесе, қан мен оның компоненттерін донациялау күні.

гемакондары бар қаптаманы ашар алдында олардың жарамдылық мерзімі тексеріледі, оның бүтіндігін көзбен шолып және қолмен қысу жолымен бақылау жүзеге асырылады.


герметикалық емес қаптамада гемакондар пайдаланылмайды. Гемакондардың қаптамасын ашқаннан кейін консервациялайтын ерітіндінің ағуы немесе гемакондардың ішіндегі консервациялайтын ерітіндіде лайлану, жүзінді, көгеру анықталған кезде барлық қаптама пайдаланылмайды.Қан мен оның компоненттерін алуды (бұдан әрі - эксфузия) дайындалған медицина қызметкері-эксфузионист жүргізеді.


эксфузия кезінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" №360-VI кодексінің 10-бабының 7-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында тіркеген гемакондар пайдаланылады)


эксфузионист жұмыстың басында медициналық киім киеді және қолды гигиеналық өңдеу жүргізіледі, ал әрбір венпункция алдында антисептикті қолдана отырып, қолды өңдеу жүргізіледі, одан кейін бір рет қолданылатын стерильденбеген медициналық қолғап киіледі.

Қан мен оның компоненттерін донациялау кезінде жанама реакциялар туындаған кезде донорларға медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 140/2020 белгіленген бұйрығына сәйкес жүргізіледі.