- Басты бет
- Пресс-центр
«Үздік қан қызметі»
Республикалық қан орталығы «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген құжаттама» байқауында жеңімпаз атанып, «Үздік қан қызметі» құрметті атағына ие болып, І дәрежелі дипломға ие болды. Бұл нәтиже - мемлекеттік тіл мәдениетін дамытуға талмай ұмтылатын әрбір қызметкердің бірлескен жұмысы мен күш-жігерінің жемісі.
Біз сапалы құжаттаманың тиімді қызмет үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және біздің көзқарасымыз бен стандарттарымыз лайықты бағаланғанын мақтан тұтамыз. Бұл жеңіс біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды және өз жұмысымызда жоғары нәтижелерге қол жеткізетінімізді растайды.
Біздің тамаша әріптестеріміз Роза Оразқұлқызы Асқанбаеваға, Сәуле Нұрқайдарқызы Оразалиеваға, Салтанат Әуесханқызы Дәуренбаеваға мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтамыз.
Марапаттау рәсімі 2024 жылғы 7 қарашада Алматыда, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде өтті. Осы табысқа күш-жігері мен білімі үлес қосқан әрбір қызметкерге алғыс айтамыз!