- Басты бет
- Пресс-центр
«Сапалы құжат» республикалық байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі
2026 жылғы 29 мамырда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Академиктер залында» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік тіл саясатын іске асыру аясында ұйымдастырған «Сапалы құжат: ұлттық стандарттар негізіндегі іс жүргізу» республикалық байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы А.Ә. Алдангорова қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК «Үздік қан қызметі» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен және сыйлық мүсіншесімен марапатталды.
Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқаны және сапалы іс жүргізуді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Республикалық қан орталығының қызметкерлері «Алғыс хатпен» марапатталды.
Республикалық қан орталығы ұжымын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Бұл марапат – жүйелі жұмыстың, қызметкерлердің жоғары кәсібилігінің және мекеме жұмысының сапасын үнемі жетілдіруге деген ұмтылыстың нәтижесі.