/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Назар аударыңыз, Алматы қаласының тұрғындары!

2025 жылдың 30 сәуірінде сағат 11:00-де Алматыда қала бойынша жер сілкінісіне дайындық жаттығуы өтеді. Іс-шараның мақсаты – халықтың, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезінде әрекет етуге дайындығын арттыру. Жаттығу барысында қаладағы құлақтандыру жүйесі, соның ішінде хабарламаларды тарату іске қосылады. Сіздерден:

  • Мекемелердің ресми сайттарында ақпаратты бақылап отыруды;
  • «ЧС Алматы» мобильді қосымшасын орнатуды (App Store және Play Market-те қолжетімді) сұраймыз.

Жаттығу кезінде абай болыңыздар және сабыр сақтаңыздар!
Сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің қолыңызда.