- Басты бет
- Пресс-центр
Ынтымақтастық үшін алғыс
Республикалық қан орталығына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі республикалық орталығы» ШЖҚ РМК атынан алғыс хат табысталды.
Алғыс хатта Республикалық қан орталығының еліміздегі трансплантология саласын дамытуға қосқан үлесі, жемісті ынтымақтастығы және осы бағыттағы бірлескен жұмысы атап өтілген.
Біз үшін бұл алғыс - мамандарымыздың еңбегіне берілген жоғары баға әрі адам өмірін сақтап, құтқару жолындағы маңызды жұмысымызды жалғастыруға үлкен мотивация.
Сенім білдіріп, ынтымақтастық орнатып, еңбегімізді жоғары бағалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Біз барлығымыз бір мақсат жолында -адам өмірін сақтап, құтқару үшін еңбек етеміз.