/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Қан компоненттерін сатып алудағы өзекті мәселелер

24 шілдеде ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК базасында Республикалық қан орталығы, «Eira Med» ЖШС және Haemonetics Corporation® ️ (Гемонетикс Корпорейшн) ұйымдастыруымен «Қан компоненттерін дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинарға Қазақстан Республикасының өңірлік қан орталықтарының трансфузиолог-дәрігерлері қатысты. Семинар аясында Ресейден келген әріптестеріміз 949 FF сет тромбоциттері мен эритроциттерін дайындау және эритроциттерді автоматты түрде жуу бойынша шеберлік кластарын өткізді. Мультикомпоненттік донорлықтың өзекті мәселелері, тромбоцитаферез және плазмаферез рәсімдеріне донорларды іріктеу қағидаттары, бір донордан қан компоненттерін дайындау технологиясы, қанды дайындау және фракциялау, жуылған эритроциттер мен ерітілген эритроциттердің сапасын бақылау туралы айтылды. Соңында осындай іс-шаралар Қазақстан Республикасының қан қызметі саласының дамуындағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны жөнінде, ал тәжірибе алмасу - көрші елдердегі әріптестермен қарым-қатынас жасағанда алуға болатын маңызды қор деген қорытынды жасалды.