/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Республикалық қан орталығында Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған мерекелік іс-шара өтті!

Бұл күні біз қан және оның компоненттерінің донорларын, сондай-ақ көп жылдар бойы өз үлгісімен өзгелерді игі істерге шабыттандырған донорлық қозғалыстың ардагерлерін құрметтедік.

Іс-шара аясында Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы мен байкерлік қоғамдастық өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Донорлық қозғалыс ардагерлері мен тұрақты донорларымыздың атынан жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.

Әрбір донация - күнделікті көмекке мұқтаж пациенттер үшін сауығу мүмкіндігі. Донорлардың бей-жай еместігінің арқасында мыңдаған адам денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға мүмкіндік алады.

Қан тапсырған, донорлық қозғалысты қолдайтын және өз үлгісімен айналасындағыларды шабыттандыратын адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз