- Басты бет
- Пресс-центр
Халықаралық донор күні
Республикалық қан орталығында Халықаралық донор күніне арналған салтанатты іс-шара өтті!
Осы айтулы күні біз донорлық қозғалыс ардагерлерін – 30 жылдан астам уақыт бойы өзгелерді құтқару үшін өзінің бір бөлігін тегін берген адамдарды құрметтедік. Біз сондай-ақ түрлі номинациялар бойынша рекордсмен донорларды құттықтап, ортақ іске өз үлесін қосқандардың әрқайсысына алғыс білдірдік.
Біздің қымбатты донорларымыз үшін белгілі әртістердің - әншілердің, музыканттардың, бишілердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Құрметті донорларымыз, біз сіздерге осындай игі іске қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің әрбір донацияңыз үш адамның өмірін сақтап, мұқтаж адамдарға үміт сыйлай алады.
Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет! Сіздерге мықты денсаулық, амандық, ұзақ әрі бақытты өмір тілейміз!