/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара

Бүгін Республикалық қан орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.


Конституция – еліміздің Тәуелсіздігінің, мемлекеттік тұтастығы мен қоғам бірлігінің берік кепілі. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, Қазақстанның демократиялық дамуының негізін қалаған басты құжат болып табылады.


Іс-шара барысында қатысушылар Мемлекетіміздің басты заңына құрмет білдіріп, оның қоғамдағы орны мен маңыздылығын айшықтады.


Конституция күні – Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын, ел бірлігін нығайтатын мерекелі күн.


Осы айтулы мереке қарсаңында барша қазақстандықтарға береке-бірлік, амандық пен еңбектеріне табыс тілейміз
Егемен еліміздің абыройы артып, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!