/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Донор мен оның кішкентай науқасының тебірентерлік сұхбаты

Республикалық қан орталығына Махачкаладан келген гемопоэздік дің жасушалары доноры Ахмед Бахмудұлы Абдуллаев қонақ болды. Ол Қазақстаннан шыққан кішкентай науқасқа донор болған.

Сапары барысында донормен, баланың анасымен және баланың өзімен сұхбаттар жазып алынды. Олардың тарихы ГДЖ донорларының тізіліміне қосылу туралы шешімнің бір күні біреу үшін өмірге деген мүмкіндік бола алатынын еске салады.

Ахмед Бахмудұлына оның игілікті іс-әрекеті үшін алғыс айтамыз және осы оқиғаның кейіпкерлері өздерінің сезімдері мен әсерлерін бөлісетін сұхбатты көруді ұсынамыз.