/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Халықаралық ынтымақтастық

  • 26-28.03.2024 жылы «Haemonetics» компаниясының Ресей мен ТМД-дағы техникалық қолдау жетекшісі Марковец Константин Михайловичпен кездесу өтті. Сапардың мақсаты: Республикалық қан орталығында қолданылатын жабдықтардың аудиті, «Haemonetics» өндірісі аппараттарының жұмысына мониторинг жүргізу.
  • 03.2024 жылы АҚШ консулдығы өкілдерінің: CPP өңірлік медициналық зертханасының (АҚШ Амбасадындағы Өңірлік мамандандырылған зертхана) (RMLS) ғылыми қызметкері Стейси Декардтың, медициналық бөлімнің (RMO) дәрігері Джина Питтардтың, медициналық зертхананың дәрігер-зертханашысы Зауре Абтиеваның сапары өтті. Сапардың мақсаты: Республикалық қан орталығының қызметімен, оның құрылымдық бөлімшелерімен танысу. Консулдық өкілдері Республикалық қан орталығының жұмысымен танысты. Қан тестілеу зертханасы мен Иммунологиялық типтеу зертханасының (HLA) қызметіне ерекше назар аударылды. Аталған құрылымдық бөлімшелердің жарақтандырылуы мен қызметіне жоғары баға берілді.