- Басты бет
- Пресс-центр
ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу негіздері бойынша мастер-класс сабағын ҚР ДСМ Республикалық қан орталығында өткізіді
2025 жылғы 17 маусымда ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) құтқарушылары ҚР ДСМ Республикалық қан орталығында (РҚО) Алматы қаласында апатты жер сілкінісі кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын (АҚЖ) жүргізу негіздері және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша сабақ өткізді.
Бұл сабақта 2023 жылы Түркияда болған апатты жер сілкінісін жою тәжірибесі баяндалды.
Айрықша назар жер сілкіністері кезінде және одан кейін қызметкерлердің дұрыс әрекеттеріне, жағдайды бағалауға, қызметкерлерді тексеруге, шағын үйінділерден зардап шеккендерді шығарып алуға және ыстық пен суық кезеңдерінде әрекет етуге аударылды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, олардың қауіпсіз эвакуациясы мен тасымалдануы көрсетілді.
Сабақтан кейін құтқарушылар РҚО қызметкерлерінің барлық қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары өткізген сабақ өте жақсы нәтижеге жетіп, табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша білімдерін кеңейтті.