- Басты бет
- Пресс-центр
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН СЕМИНАР
18.04.2024 жылы ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да медициналық ұйымдармен клиникалық трансфузиология және иммуногематологияның өзекті мәселелері бойынша кезекті дәстүрлі семинар өтті, оған медициналық ұйымдардың трансфузиолог дәрігерлері, трансфузиялық көмек көрсетуге жауапты мамандар, түрлі медициналық республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі мекемелердің, сондай-ақ жеке меншік медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинарда қан компоненттерін клиникалық қолдану, қан және оның компоненттерін клиникалық пайдалану мониторингі, Республикалық қан орталығының медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруының аспектілері, аллоиммунизацияланған емделушілердің иммунологиялық зерттеулерінің ерекшеліктері егжей-тегжейлі қаралды, сондай-ақ Республикалық қан орталығы мен медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы бөлігінде «Info Blood» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері ұсынылды.
Семинар барысында медициналық ұйымдардың өкілдері мен семинарға қатысушылар арасында пікірталас өтті, оның барысында қан компоненттерін пайдалануды талап ететін жағдайларда тиімді көмек көрсету қағидаттары талқыланды. Барлық сұрақтарға толық қамтыған жауаптар берілді. Қорытындылай келе, мұндай іс-шаралар гемотрансфузиялық терапия жүргізу кезінде медициналық ұйымдардың қызмет саласын жетілдірудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деген қорытынды жасалды. Республикалық қан орталығының қызметкерлері мен түрлі медициналық ұйымдардың әріптестері арасындағы қарым-қатынас кезінде алынған тәжірибе алмасу – Қазақстан Республикасында трансфузиялық көмекті дамытуға қосқан құнды үлесі болды.