/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

БІЗ ҚАЙТА АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІК!

Биыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК белгіленген стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, ұлттық аккредиттеудің «Жоғары санатына» ие болды!

Бұл – ұжымымыздың кәсіби шеберлігіне, жауапкершілігіне және күнделікті еңбегіне берілген лайықты баға.

Аккредиттеу барысында Орталықтың қызметіне, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігіне кешенді бағалау жүргізілді. Бағалау қорытындысы бойынша біз өз жұмысымыздың жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдедік.

«Жоғары санат» – бұл жай ғана мәртебе емес.

Бұл – әрбір қызметкердің кәсіби білімі мен біліктілігінің, жауапкершілігі мен ортақ іске деген адалдығының, сондай-ақ бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Осы айтулы жетістікпен Республикалық қан орталығының барша ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

Барлық әріптестерімізге сенімдерімен қолдаулары және ортақ іске қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз! Алда – жаңа мақсаттар, жаңа жетістіктер және қан қызметін дамыту жолындағы жаңа белестер!

Бірге – сапаға! Бірге – жаңа биіктерге!