- Басты бет
- Пресс-центр
Республикалық қан орталығында Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған мерекелік іс-шара өтті!
Астана күні қарсаңында Республикалық қан орталығында құрметті донорлар марапатталды:
Н.Н. Ақмұрзаев – 26 қан донациясы, 97 тромбоцит донациясы.
А.М. Мировод – 13 қан донациясы, 96 тромбоциттер донациясы.
Д. Түсіп – 26 қан донациясы, 79 тромбоцит донациясы.
Д.М. Өтепов – 10 қан донациясы, 70 тромбоцит донациясы.
И.Г. Борисов – 64 қан донациясы, 5 тромбоцит донациясы.
Мерекеге орай құрметті донорларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері мен медальдары олардың өтеусіз қан беру арқылы денсаулық сақтау ісіне қосқан игілікті үлестерін және адам өмірін құтқарудағы еңбегін мойындау белгісі ретінде табыс етілді.
Донорларымызға қайырымдылығы, мейірімділігі және қолдауға мұқтаж жандарға көмектесуге дайындығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің бейжай қалмағаныңыз шабыт береді және үміт сыйлайды!
Келе жатқан Астана күнімен! Баршаңызға бейбітшілік, амандық және мызғымас денсаулық тілейміз!