/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Республикалық қан орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті.

Орталық директоры Д.С. Бекиров ұжымды мерекемен құттықтап, бұл күннің әрбір қазақстандық үшін ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол орталық қызметкерлерінің Қазақстанның Қан қызметін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Мереке қарсаңында жоғары кәсібилігін көрсеткен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Еліміздің тәуелсіздігі одан әрі гүлдену мен игіліктің негізі болсын! Аспанымыз әрдайым ашық, ал еліміз бейбітшілік пен татулықта өмір сүре берсін!