- Басты бет
- Пресс-центр
Тіл – тірегім
Республиқалық қан орталығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан «Тіл – тірегім» челленджіне қосылды. Бұл шара Қазақстан халқының тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған.
Игі шара аясында орталықтың қызметкерлері ана тіліміз бен мемлекеттік тілдің мәртебесін ұлықтап, оның қадір-қасиетін асқақтататын жүрекжарды өлең жолдарын оқыды.
Тілді құрметтеу – елді құрметтеудің жарқын көрінісі.
Тіліміз – біздің ортақ тірегіміз