/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Республикалық қан орталығы аккредиттеудің Жоғары санатын растады

Денсаулық сақтау саласындағы сапа және аккредиттеу институтының (IQAH) сарапшылары ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да сыртқы кешенді бағалау жүргізді.

Бағалау қорытындысы бойынша Орталық аккредиттеудің Жоғары санатын растады. Бұл мәртебе мекеменің қан қызметі саласындағы сапа мен қауіпсіздіктің ұлттық стандарттарына сәйкестігін көрсетеді.

Орталық қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бірқатар нақты көрсеткіштер де көрсетеді:

📌 Донорлар үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген.

📌 Ерікті өтеусіз донациялардың үлесі 99,8%-ды құрап, нысаналы көрсеткішке жетті.

📌 Қан түзуші дің жасушалары (ҚДЖ) донорларының тізіліміндегі әлеуетті донорлардың саны 484 адамнан 1537 адамға дейін артты.

📌 Орталықтың зертханалары халықаралық бейінді ұйымдарда – Centro Nazionale Sangue (Италия) және Вена медициналық университетінде (Австрия) сыртқы сапа бағалауынан өтеді.

📌 Автоматтандырылған сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы қан компоненттерін дұрыс таңбалау жүйесі енгізілді. Бұл қан компоненттерінің барлық кезеңдерде қадағалануын қамтамасыз етеді.

📌 Ұйымда тәуекелдерді басқару жүйесі толыққанды жұмыс істейді, инфекциялық және биологиялық қауіпсіздік қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етіледі.