- Басты бет
- Пресс-центр
Үздік жас медицина қызметкері - 2024
Біздің әріптесіміз, Республикалық қан орталығының HLA зертханасының зертханашысы Нұркен Ілиясұлы Тұрлықожа «Үздік жас медицина қызметкері - 2024» республикалық байқауының жеңімпазы болғанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Бұл беделді байқауға Республиканың барлық өңірлерінен – республикалық маңызы бар қалалардан, облыс орталықтарынан бастап ең шалғай ауылдық елді мекендерге дейінгі медициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Біздің әріптесіміздің жеңісі – оның кәсібилігін, қажырлы еңбегін және денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесін мойындау.
Біз әріптесімізге жоғары шеберлігі мен өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Оған адамдарға қызмет ету және ұлт денсаулығын нығайту жолында табыс пен шабыт тілейміз!