/
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
"Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК

Трансфузиялық инфекцияларды зерттеу зертханасы

Гемотрансфузиялық инфекциялар маркерлерін анықтау екі кезеңде жүргізіледі:

Серологиялық тестілеу (антиденелер/антигенді анықтау)

АИТВ-1, АИТВ-2 антиденелеріне және АИТВ р24 антигеніне иммунохемилюминесценттік талдау (ИХЛА) әдісімен жүзеге асырылады; В гепатиті вирусының беткі антигені; С гепатиті вирусына антиденелер; бозғылт трепонемаға антиденелер (мерез); бруцеллез маркерлері Райт-Хеддельсон реакциясында айқындалады; теріс нәтижесі бар барлық үлгілер тестілеудің екінші кезеңіне өтеді.

Молекулалық-генетикалық тестілеу (қоздырғыштың РНҚ/ДНҚ-ны анықтау).

В гепатиті вирусының ДНҚ, ВИЧ1, 2 РНҚ және С гепатитін оқшаулау үшін полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен жүргізіледі.

Зертхана жұмысында зертханалық диагностиканың соңғы әлемдік үрдістеріне жауап беретін жоғары технологиялық және дәлдігі жоғары жабдық қана пайдаланылады.

Инфекциялық маркерлерге зерттеудің кезеңдері жабық үлгідегі автоматты талдауыштарда жүзеге асырылады: «Architect» (АҚШ-тың «Abbott» өндірген), ПТР «Cobass201» жүйесінде (Швейцарияның «Roche» өндірген), иммуногематологиялық зерттеулердің толық спектрі жабық типтегі «IH-1000» (Францияның «Bio-Rad» өндірісі), «ORTHO VISION» «AUTOVUE. Innova» (ortho-ClinicalDiagnostics) автоматты анализаторларында жүргізіледі, гель және колонна агглютинациясы әдістерін қолдана отырып. Зерттеу нәтижелері «Инфодонор» ақпараттық компьютерлік жүйесіне автоматты режимде енгізіледі, бұл донорларды сәйкестендірудегі қатені толық жоюға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған тесттерден басқа зертхана бекітілген баға прейскурантына сәйкес ақылы және шарттық негізде қызмет көрсетеді.